30 Сәуір, 2010

АСЫҚҚАН АРБАМЕН КІТАП АЛАР

607 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Орталық Азия елдері бойынша Қазақстанда тұңғыш рет “Телелифт” жүйесі іске қосылды Бүкіләлемдік кітапхана күніне орай Астанадағы Ұлттық кітапханашы­лар­дың “Ашық есік күні” өтті. Бір айта кетерлігі, осыдан 6 жыл бұрын ҚР Ұлттық академиялық кітапханасын құру жөнінде Үкіметтің қаулысы шыққан болатын. Шараға Мәдениет министрлігі мәде­ниет комитетінің төрағасы І.Қозыбаев, ҰАК бас директоры Р.Отарбаев, “КОНЭК” ЖАҚ (Мәскеу, РФ) электрон­дық ресурстар бөлімінің жетекшісі Е.Еронина, кітапхана істерінің ардагер­лері, Президенттік мәде­ниет орталығы, Алғашқы Президент мұражайы, Парла­мент Мәжілісі, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академия­сы, Астана қаласы жоо-ның, колледждердің кітап­ханашылары қатысып, рухани салаға байланысты өзара пікір алмасты. Алты жылда сандық технологияларды енгізу көшбасшысына айналып қана қоймай, Ұлттық кітапхана өзге кітап­ханалар үшін де әдістемелік орталыққа айналды. Мұнда мерзімді басылымдар, кітапхана ісі жөніндегі анықтамалық әдебиеттер, түрлі конференциялардың жазбалары сақталған кітапханатану каби­неті жұмыс істейді. Бұдан басқа “Кітап­хананың алтын кезеңі” дерек база­сы құрылды, “Кітапхана ісі және ақпарат­тық қызмет” арқылы Иствью дерек базасына қол жеткізуге болады, “Бүгінгі кітапхана”, “Қазақстан кітапханалар басы­­лымдары”, “Біздің жобалар” көрме­лері жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге алғаш рет екі тілде елордадағы 108 кітап­хана туралы “Астана кітапханалар анықта­масы” басы­лып шықты. Анықтама Астана кітапхана­ларының бір-бірімен байланыс орнату, өзара ынтымақтастықты үйлес­тіру, кітап­хана қызметкерлерінің білікті­лігін, әлеу­меттік институт ретінде кітап­хана дәрежесін арттыру үшін аса маңыз­ды. Ашық есік күнінің мақсаты – әдісте­мелік орталық Астана кітапхана­ларының иннова­циялық қызметін дамытуға қолдау көрсету мен кәсіби шеберлігін жетілдіруді көздейді. Бағдарламаның басты бөлігі “ҚР ҰАК – кітапхананың жаңа форматы” деп атал­ды, сондай-ақ, “Қазіргі кітапхананың электрон­­дық қызметі – ҚазҰЭК”, дерек­тер базасы, қашықтан оқитын оқыр­ман, телелифт, “ҚР ҰАК – Астана кітап­хана­лары үшін әдістемелік орталық” деген хабар­ламалар оқылып, ҰАК шыға­ратын “Кітап патшалығы” журналы­ның тұсау­кесері өтті. Кітапхана қонақтары “Кітапханалық кәсіби қызмет”, “Қазақстан – жасампаз жетістіктер жолында”, “Аймақтық кітапханалар басылымдары”, “ҚР ҰАК баспалық қызмет”, “Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығы”, “Қазақстан ғылымы”, “Әуенді Қазақстан”, “Мамандық әлемінде”, “Кітап жаңалықтары”, “ҚР ҰАК берген сыйлар” фотокөрмелерімен танысты. Кітаптар мен журналдар сатылды. Ашық есік күнінің басты жаңалығы – Астана кітапханашылары “Телелифт” монорельстік транспорттық жүйемен танысты. Ол жаңадан іске қосылған жоба. Бұл жобаның нәтижесінде сақтау қор­ларынан кітаптар мен басқа да құжаттар оқу залына санаулы минөттерде жеткізі­леді. “TELELІFT” жүйесі оқырмандарға қызмет көрсету дәрежесін арттырудағы басты қадамның бірі болып саналады. “TELELІFT” жүйесі Орталық Азияда тұңғыш рет орнатылып отыр. ТМД елдері­нің ішінде Қазақстан “телелифт” адрестік жүйесі енгізілген екінші ел болып саналады. Ең бірінші бұл жүйе Бело­руссияда жүзеге асқан. Белоруссияның Ұлттық кітапхана­сында ол – 5 жылдан бері қолданыста. “Телелифт” ҰАК-ның барлық зал­дарын­да орнатылған. Жолының ұзындығы – 450 метр. Ең алшақ станциялар арасы – 5 минөттан аспайды. Барлығы – трассада 16 станция және арбалардың бағытын өзгерту үшін 13 нұсқаушы тетік орнатылған. Арбаға 10 килоға дейін әдебиет тиеледі. Арбада қауіпсіздіктің ережесі барынша сақталған. Ол қайбір кеңістікте қозғалып, бұрышы қай жаққа қарай өзгерсе де себетше ауыртпа­лықтың өзгеріп отыруына байла­нысты бір қалыпта болады. Сондықтан кітап­тар қозғалмайды және бүлінбейді. Оқыр­манның тапсыры­сын орындайтын кітап сақтау кітап­ханашысы операторлық пульт арқылы қозғалыстың бағытын өзі өзгертеді. Бір­неше минөт өткен соң оқу залындағы оқыр­ман өзі берген тапсырысты қолына алады. “Егемен-ақпарат”.