Спорт • 12 Шілде, 2021

Балғын балуандар Будапеште белдеседі

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-24 шілде аралығында Мажарстанның астанасы – Будапеште күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балғын балуандар Будапеште белдеседі

Айтулы жарыста еркін күрестен Қазақ елі намысын Алан Оралбек (45 кило), Нұрланат Айтанов (48 кило), Әліби Рақымбаев (51 кило), Әбдінұр Нұрланбек (55 кило), Нұрасыл Серік (60 кило), Шаттық Алайдар (65 кило), Ерхан Бексұлтанов (71 кило), Мүсілім Жақсылық (80 кило), Кәміл Куруглиев (92 кило) және Әлихан Құсайынов (110 кило) сынды сайыпқырандар қорғайды. Жасөспірімдер командасының аға жаттықтырушылары Еркебұлан Кешубаев пен Кәрібек Маханбетовтің айтуынша, біздің балғын балуандар байрақты бәсекеге тыңғылықты даярланып, Будапештің боз кілемінде олар өз жанкүйерлерін қуанту үшін барын салады. 

Ал Қазақстан грек-рим күрес шеберлері мындай құрамда өнер көрсетеді: 45 кило – Ербол Ибрагимов, 48 кило – Юсуп Ашрапов, 51 кило – Айбек Айтбеков, 55 кило – Көбен Бөрібай, 60 кило – Бағдат Сабаз, 65 кило – Тайыр Амангелді, 71 кило – Илсам Евлоев, 80 кило – Бейбіт Қорғанов, 92 кило – Есім Тұрысбек және 110 кило – Жохар Узаров.