Қазақстан • 12 Шілде, 2021

Әлемнің 12 елінде қазақ тілін үйрететін сынып ашылды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде тұратын отандастарға қазақ тілі курстарын ұйымдастыру үшін 12 елде 31 онлайн сынып ашқан. Бұл туралы қордың вице-президенті Мағауия Сарбасов айтты, деп жазады Egemen.kz.

Әлемнің 12 елінде қазақ тілін үйрететін сынып ашылды

Онлайн сыныптар теледидар, ноутбук, камера, тағы басқа қажетті заманауи техникалармен қамтылған.

Қор президентінің айтуынша, 2020 жылы 300-ден астам онлайн тегін сабақ өткізілді. Оған мың жарым адам қатысып, 400-ге жуығы қазақ тілін жетік меңгерді деген сертификат алды.

Ал 2021 жылы 350 тегін онлайн сабақ өткізілді. Онда 900 қандас тестілеуге қатысып, қазақ тілін меңгеріп шықты.

«Қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету бойынша ортақ әмбебап оқу құралы әзірленуде. Себебі, латын қарпімен немесе төте жазумен сауат ашқан балаларға кириллица үйрету қиын. Сондықтан, әмбебап әдіснама қажет болды. Бұл құрал жыл соңына дейін дайын болуы мүмкін», дейді Мағауия Сарбасов.