Аймақтар • 12 Шілде, 2021

Баласын емшіге апарған маңғыстаулық ата-анаға айыппұл салынды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында 9 жастағы ер баласын сынықшыға апарып, мүгедек қылған ата-ана әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Баласын емшіге апарған маңғыстаулық ата-анаға айыппұл салынды

Олар 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл жағдай Жаңаөзен қалалық білім бөлімі мен әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияда қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Қызылсай ауылында оқушы велосипедтен құлап қолын сындырады. Жақындары дәрігерге апарудың орнына емшіге жүгінген. 10 күннен соң шұғыл ауруханаға түскен баланың оң қолы шынтағына дейін кесілді. Таяуда үйіне шығарылды.

«Ата-анамен түсінік жұмыстары жүргізіліа, айыппұл салынды. Мұның бәрі соттың шешімімен жүзеге асырылды. Көпбалалы отбасы екен. Біздің өңірімізде мұндай жағдай одан әрі де орын алмауы үшін қорғаншылық-қамқоршылық мамандары, білім саласы бойынша тәрбие жөніндегі мамандар ата-аналармен кең көлемде жұмыстар жүргізіп жатыр», деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова.