Қоғам • 12 Шілде, 2021

Түзеу мекемелеріне 33 мың камера орнатылады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы колонияларға 3,7 миллиард теңгеге 33 мың камера орнатылады. Бұл туралы ІІМ ҚАЖК басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түзеу мекемелеріне 33 мың камера орнатылады

ІІМ брифингі барысында Бибігүл Мұңайтпасова биыл түзеу жүйесінің 29 мекемесіне камера орнату үшін 3 миллиард 704 мың теңге жұмсау жоспарланып отырғанын айтты. 2023 жылға дейін барлық колонияны бейнебақылау камерасымен жабдықтау жоспарланып отыр.

«Бұл сома бейнекамераларға ғана емес, басқа элементтерге де бөлінді: бейнетіркеуіш, басқару серверлері. Сонымен қатар, қызметкерлерге арналған бейнетіркегіштер», деді ҚАЖ басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова.

2020 жылы сотталғандар «азапталғаны туралы» 126 факт тіркелген. Нәтижесінде сотқа бір ғана іс келіп, ҚАЖ қызметкері сотталған.