Білім • 12 Шілде, 2021

Биыл бірінші сыныпқа қанша оқушы барады?

64 рет көрсетілді

Бүгінгі таңда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 285 мыңнан астам өтініш түсті. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл мерзім болашақ оқушылардың ата-аналары мектепті алдын ала анықтап, қажет құжаттарды уақтылы тапсырып, оқу құралдарымен қамтамасыз етуі үшін берілді. Ал мектеп әкімшілігі сыныптарды алдын ала жинақтау, оқулықтардың қажетті көлемін сатып алу, мұғалімдер арасында сағаттарды бөлу және сыныптар санына байланысты педагогтер құрамын анықтау бойынша жұмыстарды атқаратын болады.

«Енді құжаттарды қабылдау 4 айға созылады, бұл ата-аналарға да, мектеп әкімшіліктеріне де оқу процесіне дайындықты алдын ала ойластыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 10 тамыздан кейін мектептерде дайындық тобы жұмысын бастайды, оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады», деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Өтініштерді қабылдау Еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Мектепке қабылдау үшін мына құжаттарды ұсыну қажет: баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты №026/у-3, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама); көлемі 3х4 см баланың цифрлық фотосуреті. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

«Қызыл аймаққа» енген өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін ала алады. Ведомствоның болжамы бойынша осы оқу жылында бірінші сыныпқа 380 мыңнан астам оқушы барады.

Соңғы жаңалықтар

Сырдың суы төмендеп барады

Аймақтар • Бүгін, 17:27

Доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 16:56

Алматы маңында жер сілкінді

Аймақтар • Бүгін, 16:38

Қазақстанда ет қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 15:10

Елімізде киік саны көбейіп келеді

Қазақстан • Бүгін, 14:41

Ұқсас жаңалықтар