Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 6 шілде күні сағат 00:10 шамасында болған. Алматы-Жандосов-Бесмойнақ тас жолының шығыс бағытында «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тoyota Avensis» көлігімен соқтығысқан.
«Апат салдарынан «Toyota Avensis» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 26 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Ал «Toyota Land Cruiser» көлігінің 18 жастағы жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады полициядан.