Тағайындау • 12 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

1092 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Асхат Раздықұлы Оралов Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған.

Еңбек жолын 2011 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, «Нұр Отан» партиясының филиалында, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасында, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, ҚР Қоғамдық даму министрлігінде қызмет атқарды. 

2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Үкіметінің қаулысымен Асхат Раздықұлы Оралов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылған.

Соңғы жаңалықтар