Елордалық ТЖД баспасөз қызметі 12 шілдеде сағат 18.10-да өрт сөндіру бөлімшелеріне автобустың жанып кеткені туралы ақпарат түскенін хабарлады.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен бойда «Нұрлы жол» вокзалының тұрағында қозғалыс бөлімі мен автобустың салоны жанып жатқанын аңғарды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 18.24-те сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамның бес адамы мен бір техника жұмылдырылды», деп хабарлады ведомстводан.