Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті. Асқар Салықбаев жетекшілік ететін MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен өткен айтулы жарыстың басты жекпе-жегінде қазақстандық Сұлтан Зәуірбек пен шотландиялық Ронни Кларк жұдырықтасты.

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген айтулы боксшылар Алатау бөктерінде WBO European нұсқасының чемпиондық белбеуін сарапқа салды. Сұлтанның есімі жергілікті жанкүйерлерге жақсы таныс. Кезінде әуесқойлар рингінде біраз белесті бағындырған 25 жастағы қандасымыз қазіргі кезде кәсіпқойлар арасында тәуір нәтиже көрсетуде. Анықтап айтсақ, ол осыған дейінгі 10 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтап, жеті қарсыласын есінен тандырды. Қарсыласы – Ронни Кларк. Кезінде Еуропа чемпионы атанған 36 жастағы Шотландияның өкілі 25 рет шаршы алаңға көтеріліп, 21 рет басымдық танытты. Қос саңлақ арасындағы 10 раундқа созылған жекпе-жекте Сұлтан Зәуірбектің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Біздің жігіттің мықтылығын барлық төреші бірауыздан мойындады. Осылайша, Сұлтан Алматыда алтын белбеуді иеленді.
Көпшілік аса ауыр салмақтағы Иван Дычко мен Денис Бахтов арасындағы бәсекені тағатсыздана күтті. Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілген 30 жастағы жерлесіміз кәсіпқой рингтегі өзінің тоғыз кездесуін АҚШ-та өткізіп, барлығында жеңіс тойын тойлады. Бұл – Дычконың Қазақстандағы алғашқы жарысы. 41 жастағы Денис Бахтовты да жанкүйерлер жақсы біледі. Қарағандыда туып-өскен ол кейіннен Ресейге қоныс аударды. Денистің кәсіпқойлар арасында жұдырықтасып жүргеніне табаны күректей 22 жылға жуықтады. Сол аралықта ол 58 мәрте рингке көтеріліп, 39 рет басымдық танытты. Кезінде даңқы дүркіреп тұрған Бахтовтың «болдырып қалғанын» бұл жолы анық байқадық. Иван оны бірінші раундта-ақ ауыр нокаутқа жіберді.
Қазақтың мықты боксшылары – Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбек арасындағы өзара кездесу де көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Әуесқойлар арасында елеулі табыстарға қол жеткізген екі қандасымыз кәсіпқойлар ретінде де «қара жаяу емес» екендерін байқатты. Бұл бәсеке барысында олар барын салды. Десек те Дәурен қарсыласына қарағанда әлдеқайда алымды көрінді. Бесінші раундтан соң Арман жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Кәсіпқойлар арасында жұдырықтасып жүргеніне аса көп уақыт болмаса да, миллиондаған жанкүйердің назарын өзіне аударып үлгерген Тұрсынбай Құлахметтің де қарқыны қуантарлық. Бұл жолы ол 35-тен аса кездесу өткізген Ресейдің сақа спортшысы Алексей Евченконы 10-раундта нокаутқа жіберіп, бірінші орта салмақтағы WBC International нұсқасының алтын белбеуін иеленді.
Сондай-ақ Алматыдағы бокс кешінде Сағадат Рахманқұлов, Нұрбол Сұлтанбай, Талғат Шәйкен, Айдос Медет, Рахат Сейітжан, Ержан Залилов, Рай Сейітжанов, Қанағат Манаұлты өздерінің кезекті жеңістеріне қол жеткізді.
Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады
Білім • Кеше
АҚШ: Қару қолдануда саясат жоқ
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Мемлекеттік сатып алуда ашықтық орнайды
Экономика • Кеше
Адам капиталы – басты құндылық
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Айтыс – қоғамдық ойды қозғаушы күш
Руханият • Кеше
Түлектері жұмыссыз қалмайтын университет
Білім • Кеше
Балғын спортшылар «Министр кубогын» сарапқа салды
Спорт • Кеше
Дүлдүлдің шабысындай «Дүние шіркін...»
Қазақстан • Кеше
«Қызыл қырғын болады, бай байғұсқа айналады»
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Диқандардың техникасы сақадай сай
Аймақтар • Кеше
Жеңілдетілген несиеге – жаңа көлік
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Петропавл әуежайы тағы да сатылымға қойылды
Аймақтар • Кеше
Сенатта Арменияға мұнай жеткізу қағидалары талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды
Тағайындау • Кеше
Ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстаулық түлектер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Кеше
Президенттің Қырғызстанға ресми сапары аяқталды
Президент • Кеше
Сенаторлар зияткерлік меншік туралы заң жобасын талқылады
Парламент • Кеше
Бішкекте ҚазҰУ-дың филиалы ашылды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Кеше
Ташкенттен Ыстанбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Әлем • Кеше
Алматы қаласы Спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық форумға қатысты
Президент • Кеше
Қазақстан Ыстықкөлде күн электр станциясын салуға қаржы бөледі
Қазақстан • Кеше
Мұхтар Тілеуберді Италияға іс-сапармен барады
Қазақстан • Кеше
Әлемде коронавирустан 6,2 млн адам қайтыс болды
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Конференция лигасының жеңімпазы анықталды
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар