Саясат • 13 Шілде, 2021

Ынтымақтастық жалғасады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Артур ван Дизенмен кездесті.

Ынтымақтастық жалғасады

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Үкіметі мен UNICEF-тің 2021-2025 жыл­дарға арналған Елдік Бағдар­ламасы шеңберіндегі басым бағыттарды іске асыру мәселе­лерін талқылады.

Аида Балаева минис­тр­ліктің жетекшілік ететін ба­ғыттары бойынша жү­р­гізіліп жатқан ауқымды жұ­­мыс­тары туралы, атап айт­қанда, жалған ақ­паратпен жұ­мыс істеу және COVID-19 динамикасы мен ауқымы туралы халықты үнемі хабар­дар ету, заңнамалық базаны жетілдіру, тұрақты да­му мақсаттарын іске асыру және Мемлекет бас­шы­сының волон­терлерді жұ­мыл­дырудың ха­лы­қаралық жылын белгілеу жөніндегі бастамасын ілге­рілету туралы айтып берді.

Өз кезегінде Артур ван Дизен балалар тәрбиесі, ата-ана дағдыларын нығайту, балаларды зорлық-зомбылықсыз тәр­биелеу, гендерлік теңдік және балаларды қолайлы ортаға тәр­биелеу тәсілдері, жастар арасында әлеуметтік-бағдарланған волонтерлікті дамыту сияқты бағыттар бойынша одан әрі ын­тымақтастық жоспарлары туралы айтып берді.

Кездесу соңында тараптар балалар мен жастар мәселелері бойынша бірлескен жобаларда өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниет білдірді.

 

«Егемен-ақпарат»