Әлем • 13 Шілде, 2021

Боливияда жолаушылар автобусы жардан құлап кетті

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Боливияның орталығында автобус жардан құлап, кем дегенде 34 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боливияда жолаушылар автобусы жардан құлап кетті

Көлік департаментінің басшысы Карлос Эспиносаның айтуынша, қайғылы оқиға салдарынан 18 адам қайтыс болған.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция жұмыс істеп жатыр. Ел астанасы Сукреге бет алған автобус 150 м биіктіктен құлаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа жүргізушінің қателігі себеп болған. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Қаза тапқандардың саны артуы мүмкін.