Қоғам • 13 Шілде, 2021

Карантинде қарызға батқан кинотеатрлар жабылып жатыр

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы кинотеатрлар пандемиядан кейін шығынға батты. Карантинге байланысты 9 ай бойы жұмыс істемегендіктен еліміздегі бірқатар кинозалдар жабылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Карантинде қарызға батқан кинотеатрлар жабылып жатыр

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының деректеріне сүйенсек, шектеу шараларына дейін елімізде 102 кинотеатр жұмыс істеген. Ондағы кинокөрсетілімдерден жыл сайын шамамен 18 миллиард теңге көлемінде қаржы түскен.

Көрсетілген қазақстандық фильмдер саны 14,5 проценттен 7,4 процентке дейін төмендеген. Бұл көрсеткішті ойын-сауық индустриясы саласын зерттеумен айналысатын ірі халықаралық компания растап отыр. Кинозалдардағы адам санының азаюына байланысты енгізілген шектеулерден саланың ішкі қарыздары да өскен.