Спорт • 13 Шілде, 2021

Сочиде шахматтан әлем кубогы өтіп жатыр

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Ресейдің Сочи қаласында шахматтан FIDE әлем кубогы жолындағы жарысы өтуде. Бұл бәсекеде ерлер арасында 206 және әйелдер сайысында 103 ойыншы бақ сынауда, деп жазады Egemen.kz.

Сочиде шахматтан әлем кубогы өтіп жатыр

Қара теңіз жағалауында жалауы желбіреген жарыста Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Левон Аронян, Шахрияр Мамедьяров, Александр Грищук, Аниш Гири, Әлиреза Фируджа, Сергей Карякин және тағы басқа жұлдыздар өнер көрсетеді.

Әйелдердің де құрамы өте күшті. Бұрымдылар арасынан Александра Горячкина, Екатерина Лагно, Мария мен Анна Музычук, Нана Дзагнидзе, Харика Дронавалли, Тан Чжунъи, Александра Костенюкті бөле-жара атап өтуге болады. Олардың алды әлем чемпионы болса, өзгелері көптеген халықаралық додаларда табысты өнер көрсетіп жүрген сақа спортшылар.

Нокаут-жүйе бойынша өтетін жарыстың жүлде қоры 2 568 750 АҚШ долларын (ерлер – 1 892 500, әйелдер – 676 250) құрап отырғанын да айта кетейік. Сочидегі турнир 8 тамызда өз мәресіне жетеді.

Биылғы әлем кубогында Қазақстанның төрт шахматшысы шеберлік байқасады. Әйелдер арасында Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова және Бибісара Асаубаева бақ сынаса, ерлер сайысында Ринат Жұмабаевқа сенім артылуда.