«Қазақстан – жалпы осы соғыс аймақтарынан өз азаматтарын алған алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Ал бірнеше айлар, жылдар бойы қақтығыс аймағында өмір кешкен жандар, әсіресе, балалар мен аналар көмекке зәру еді. Оны «Жусан» операциясына тікелей қатысқан әріптестеріміз өз көзімен көрді. Сондықтан кейбір көршілес мемлекеттердің азаматтары да «Біз – қазақстандықтармыз, бізді де ала кетіңіздер», деп жағдайларын айтуға тырысты, бірақ біз тек Қазақстан азаматтарын ғана алып келдік. Ол үшін тиісті жұмыстар жүргізілді. Тіпті әкесіз, анасыз қалған жетім балаларға қатысты ДНК тесттеріне дейін жүргізіп, көзіміз жеткенде ғана, яғни бұл балалар Қазақстан азаматтарынан туған балалар, Қазақстан Республикасының азаматтары екендігіне көзіміз жеткенде ғана алып келіп отырдық», дейді «Жусан» операциясы туралы Egemen Qazaqstan» газетіне пікір білдірген Ержан Ашықбаев.
Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Ашықбаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Кеше
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Кеше