Анықтамаға сәйкес, Жезқазған ең ластанған қала болып танылды. Қаланың М.Жалил көшесінде ауа ластануының шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 432 жағдайы тіркелген.
Екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан, онда ауаның ең лас аймағы Түркістан көшесі мен Республикалық физика-математика мектебінің маңы болды. Нормадан асып кетудің 419 жағдайы тіркелді.
Алатау ауданы, Almaty Arena мұз сарайы мен Момышұлы көшесінде 274 жағдай тіркелген Алматы қаласы да үштікке керген.
Төртінші орынды иемденген Қарағанды қаласындағы 3-ші Кочегарки (Прихшахтинск) ауданында 255 жағдай тіркелді.
Бесінші орында Ақтөбе орналасқан. Рысқұлов көшесі ауданында қаланың ауасы ең ластанған болып шықты. Онда 34 жағдай тіркелген.