Спорт • 13 Шілде, 2021

Серік Сәпиевтің орынбасары тағайындалды

595 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің Аппарат басшысы Ернат Мұхамадиевтің бұйрығымен Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Бекболат Құстүтінұлы Байжанов тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Серік Сәпиевтің орынбасары тағайындалды

Комитет төрағасы Серік Сəпиев орынбасарын ұжымға таныстырып, Бекболат Құстүтінұлына сәттілік тіледі.

Бекболат Байжанов 1978 жылы 23 маусымда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қара-қастек ауылында дүниеге келген.  

1999 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын, 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласы №15 балалар және жасөспірімдердің физикалық даярлық клубының оқытушы-жаттықтырушы ретінде бастаған.

2004 жылы Степногорск қаласы, Бөгембай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың әдіскері;

2005-2006 жылдары Степногорск қаласы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы;

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті жазғы олимпиадалық спорт түрлері бөлімінің бас маманы;

2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті жазғы олимпиадалық спорт түрлері бөлімінің бас сарапшысы;

2009-2012  жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті бұқаралық спорт басқармасының басшысы;

2012-2014 жылдары Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Дене шынықтыру департаменті директорының орынбасары;

2014-2016 жылдары Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Бұқаралық спортты және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының басшысы;

2016-2018 жылдары Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы;

2018-2019  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төраға орынбасары;

2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасарының міндетін атқарушы;

2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары;

2019-2020  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры;

Осыған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше