Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Samğau бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады. Бағдарламаның басты бағыттары – сыни ойлауды, топта жұмыс істей білуді, креативтілікті, Қазақстан жасөспірімдері мен жастарының дағдыларын дамыту.

Бағдарламаның бастамашылары – БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Samğau (Upshift) бағдарламасы жастардың әлеуметтік осал бөлігінің, соның ішінде NEET санатындағы жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Бүгінде жоба еліміздің алты өңірінде Жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) негізінде жүзеге асырылуда. Сондай-ақ өмірлік маңызы бар дағдыларды оқыту бойынша 30-дан астам семинар, 2 онлайн буткамп өткізілді. Бұған қоса, бағдарлама аясында 13 команда шағын гранттар алып, өз жобаларын жүзеге асыруда.
«Жақында Қарқаралы ауданының жастары арасында біздің ЖРО базасында бизнес негіздері, әлеуметтік кәсіпкерлік, тайм-менеджмент, сыни, шығармашылық және креативті ойлау, коммуникативтік және көшбасшылық дағдылар, топтық жұмыс сияқты өмірлік маңызды дағдыларға тегін оқуға мүмкіндік пайда болды. Бұл Samğau UPSHIFT жобасының арқасында мүмкін болды. Жоба аясында ЖРО-да барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған кабинет ашылды. Онда ерекше қажеттіліктері бар жастарға (АИВ инфекциясы және басқа да созылмалы аурулары, мүгедектігі бар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар) басты назар аударылатын болады», деп атап өтті Қарқаралы ауданының ЖРО басшысы Қобыланды Ерсайын.
Еске сала кетейік, биылғы 9 шілдеде АҚДМ «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен БҰҰ Балалар Қоры (UNICEF) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Оның маңызды бағыты – ел өңірлерінде Samğau (Upshift) жобасын одан әрі жүзеге асыру.
«Жастар» ҒЗО директоры Аян Сакошевтың айтуынша, «UNICEF-пен келісім Қазақстанның әлеуметтік осал жастарын қолдау бойынша күш-жігерді біріктіруге жағдай жасап, жастарға өз әлеуетін жүзеге асыруы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады».
Меморандум шеңберінде тараптар жастар ресурстық орталықтарының қызметін одан әрі дамыту және жетілдіру, жасөспірімдер мен жастардың дағдылары мен құзыреттерін дамытудың тұрақты модельдерін құру, жастар қызметкерлерін оқыту және жастар ресурстық орталықтарын кеңейту, белсенді әріптестік пен менторлық қолдауды көтермелеу, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында зерттеу жұмыстарын жүргізудегі және талдамалық шолулардың нәтижелерімен алмасудағы ынтымақтастық сияқты маңызды бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасасып, күш-жігерді біріктіретін болады.
Дайындаған
Кәрібай МҰСЫРМАН,
«Еgemen Qazaqstan»
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар