Президент Қ.Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес болатын 2021 жылғы 25 шілдеде ауыл әкімдерін тікелей сайлауды өткізу бойынша Солтүстік Қазақстан облысында бір аудандық маңызы бар қала (Мамлют) мен облыстың барлық 13 ауданында 70 ауылдық округ әкімдері сайланатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соның ішінде 61 әкімнің өкілетті мерзімі аяқталған, ал қалған 10 әкімнің өкілетті мерзімі тоқтатылған.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуына қарағанда облыста сайлау кезінде 994 адамды жұмыспен қамтыған 14 аумақтық, 174 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейтін болады. Бұлар облыстың 218 елді мекендерінде орналасқан. Ал сайлау учаскелері ашылмаған 54 елді мекеннің сайлаушылары учаскелерге арнайы бөлінген көліктермен жеткізіледі. Сайлаушылардың жалпы саны 60471 адам. Соның ішінде ең көп дауыс беретіндер, әрине, аудандық маңызы бар Мамлют қаласының әкімін сайлайтындар. Олардың саны 5366. Ал ауылдық округтер арасында ең көп сайлаушы Ғ.Мүсірепов ауданындағы Нежин ауылы. Онда 1941 сайлаушы бар. Осы сайлауда 18 жасқа енді толған 280 сайлаушы тұңғыш рет дауыс береді.
Сайлауға түсетін үміткерлерді тіркеу 9 шілдеде аяқталған. Олардың саны 237 адам болды, соның ішінде 74-ін саяси партиялар ұсынған, қалғандары өзін-өзі ұсынушылар. Бір орынға орта есеппен 3,3 үміткерден келді. Бірақ 9 округте таласқа түсетіндер саны 4 адамнан болды. Бес адамнан тұратын ең көп үміткер Қызылжар ауданындағы Бугровой ауылдық округынде тіркелді. Барлық үміткерлердің 30 пайызға жуығы әйелдер. 110 кандидат немесе 48,5 пайызы бұрыннан мемлекеттік қызмет атқарып келе жатқан адамдар. Соның ішінде 43-і осы кезге дейін әкімдік лауазымды атқарып жүргендер.
Саяси партиялардың арасында ең көп - 58 кандидат ұсынған Nur Otan партиясы. Қалған партиялар 2-3 адамнан ғана ұсына алды. Тек бұрынғы коммунистік, қазіргі «Қазақстанның Халық партиясы» ғана 6 үміткер ұсынған. Ауыл әкімдерін сайлауға «Ауыл» партиясы небары 3-ақ кандидат тіркетті.
13 шілдедегі мәліметке сәйкес тексерілгенде барлық 237 кандидаттың 223-нің құжаттарынан ешқандай шикілік шыққан жоқ. Ал 14-нің құжаттарынан заңға қайшылық табылып, сайлауға түсуге тиым салынды. Бұл жұмысқа барлық тиісті өкілетті органдар тартылды. Соның ішінде Көші-қон полициясы, Прокуратура, Мемлекеттік қызмет департаменті бар.
Сайлауға түсетін үміткерлердің арасында «Болашақ» бағдарламасымен оқыған бір азамат бар. Ол Уәлиханов ауданындағы «Қайрат» ауылдық округының әкімдігінен үміткер болып тіркелген. Барлық үміткерлер жоғары білімді, мамандықтары бойынша 15,2 % – экономист, 16,9 % – заңгер, 38,4 % – педагог және 8 % – ауылшаруашылығының маманы. Үміткерлердің орташа жасы – 41. Ең жасы 27-де. Ал ең тәжірибелі, жасы үлкені Ғ.Мүсірепов ауданындағы Қырымбет ауылдық округыне әкім болуға үміткер болып отыр. Оның жасы 62-де.
Сайлау алды үгіт жұмыстарын жүргізуге әрбір ауылдық округке сайланатын кандидатқа 220 мың теңгеден, ал аудандық маңызы бар қалаға әкім болғысы келетіндерге 230 мың теңгеден бюджеттен қаражат бөлінеді.
Бүгінгі күнге облыстағы сайлау науқаны қолданыстағы заңнама талаптарына, бекітілген күнтізбелік жоспарларға сәйкес жүргізілуде. Сайлау комиссияларына өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Сайлау науқанын өткізу барысы туралы барлық жедел ақпарат облыстық және аудандық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылған.
Атырау облысында аурухана директорына әкімшілік айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 16:17
Елордада екі көше уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 16:06
Еуроодақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін арттыру деңгейін бағалады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Елімізге контрабанда арқылы зиянды ойыншықтар жеткізілуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:43
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты
Әлем • Бүгін, 15:33
Ерлан Қарин Ұлттық құраманы Сурдлимпиададағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 15:26
Балқаш көлінен жүзден аса браконьерлік ау табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтті
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Ұқсас жаңалықтар