Медицина • 14 Шілде, 2021

Алматыдағы Телемедицина орталығы КВИ жұқтырған 3 мыңнан астам науқасты бақылап отыр

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Телемедицина орталығының қызметкерлері КВИ жұқтырған 3 мыңнан астам науқасқа қашықтан кеңес береді әрі күн сайын мониторинг жүргізеді. Бүгінде Алматыдағы Телемедицина орталығындағы дәрігерлері 3527 науқасты және стационарға шыққан 49 пациентті бақылап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы Телемедицина орталығы КВИ жұқтырған 3 мыңнан астам науқасты бақылап отыр

Күн сайын 2500-3000 кіріс және шығыс қоңырау байланыстары қаралады.

Телемедицина орталығы үйде ем қабылдап жатқан COVID-19-бен ауратын пациенттерге көмек көрсету мақсатында 2020 жылғы қыркүйек айында ашылған болатын. Бүгінге дейін Орталық 52 158 кіріс, 472 043 шығыс қоңырауға қызмет көрсетіп үлгерген. Орталық COVID-19 бен ауратын пациенттерге, сондай-ақ, қауіп тобына кіретіндермен қашықтан бақылау мен консультация жүргізеді.

«Біз МСАК ұйымдарының мамандарымен жүргізілген офлайн кеңестен соң ТМО мамандары онлайн түрінде кеңес береді және үй карантиніндегі COVID-19-бен ауратын пациенттер бойынша мониторинг жүргіземіз. Емделуге жатқызуға көрсеткіштер болған кезде ТМО мобильдік бригада немесе жедел жәрдем шақырады. Пациенттерді тиісті медициналық көмек көрсету үшін стационарларға жібереміз», деді ТМО басшының м.а. Жұлдыз Бауыржанқызы.

Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындарынан COVID-19 ауруына шалдыққандарға медициналық көмек көрсету мәселесі жөніндегі кіріс қоңыраулар түскен кезде, мамандар активті қабылдап, тұрғынның тұратын аумақтылығы бойынша қала тұрғынына медициналық көмек көрсету үшін емханаға жібереді, сондай-ақ, вакцинация мәселесі бойынша кеңес береді.

Телемедицина орталығына тәулік бойына мына телефонмен хабарласуға болады: 8 (727) 300 505, ұялы телефоннан қысқа 13 12 номері арқылы хабарласу керек.