Спорт • 14 Шілде, 2021

«Тур де Франс»: «Астана» велошабандозы алтыншы болып келді

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тур де Франс» көпкүндігінің 16-кезеңі немістердің «BORA-hansgrohe» клубы сапында өнер көрсететін аустриялық спортшы Патрик Конрадтың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тур де Франс»: «Астана» велошабандозы алтыншы болып келді

29 жастағы Аустрияның велошабандозы Андорра мен Францияның шекараларында орналасқан Эль-Пас-де-ла-Каса мен Сен-Годенс қалалары аралығындағы 3 250 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 01 минут 59 секундта жүріп өтті. Расында да, бұл жолы Конрадтың қарқыны өте күшті болды. Екінші орынды италиялық Сонни Кольбрелли («Bahrain-Victorious») иеленсе, аустралиялық Майкл Мэтьюз («Team BikeExchange») үшінші сатыға табан тіреді. 

«Астана» клубы мүшелері арасында ең үздік көрсеткішке Алекс Аранбуру қол жеткізді. Қазақстандық команданың сапындағы испаниялық легионер мәреге алтыншы болып жетті. 

Жалпы есепте Тадей Погачар («UAE-Team Emirates») алдына жан салар емес. 22 жастағы Словенияның сайыпқыраны тоғыз тур бойы тізгінді ешкімге бермей келеді. Оның уақыты – 66:23:06.

«Астананың» серкесі Алексей Луценко әзірге жетінші орынды қанағат тұтуда. Жерлесіміз көш басындағы спортшыдан 7 минут 01 секунд қалып келеді.