Экология • 14 Шілде, 2021

Фермерлерді сумен қамту мәселесі қалай шешіледі?

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандық фермерлер сумен қалай қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фермерлерді сумен қамту мәселесі қалай шешіледі?

«Фермерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында біз келесі жұмыстардың жүргізілуін жоспарладық. Біріншіден, көрші елдермен қарым-қатынас орнату. Сырдария өзені бойынша біз Қырғыз елімен қосымша су ағызу туралы келісімге келдік. Вегетация шыңында Тоқтоғұл су қоймасынан қосымша 330 миллион текше метр су қоры болады. Дәл осындай су көлемін Өзбекстан аумағы арқылы өткізу туралы да уағдаластыққа қол жеткіздік. Тәжік және өзбек тараптарымен бірлесіп, биыл 16 маусымда «Бахри Точик» су қоймасының жұмыс режимін келісу бойынша маусым-тамыз кезеңіне арналған жұмыс кеңесінің хаттамасына қол қойылды», деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, бүгінде коллекторлық-дренаждық суларды қайта пайдалану тәжірибесі қолға алынды. Соған байланысты арналарды механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп, егінді суарудың кестесі әзірленді.

«Жайық өзені бойынша осы жылдың маусым айында Орынбор қаласында Су шаруашылығы ұйымдарының кездесуі өтті. Онда Жайық өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы жаз-күз мезгіліне арналған Ириклин су қоймасының жұмыс режимі бекітілді. Одан бөлек, биыл ақпан-наурыз айларында біз ауыл шаруашылығы министрлігімен өңірлерге барып жиналыстар өткіздік. Қалыптасып отырған су шаруашылығы жағдайын талқылап, суды көп қажет ететін дақылдардың егістігін азайтуды ұсындық», деді министр.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50