Аймақтар • 15 Шілде, 2021

15 шілдеде ауа райының қандай болатыны айтылды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидрометтің мәліметінше, 15 шілдеде Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, тек оңтүстік аудандарда жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Egemen.kz

15 шілдеде ауа райының қандай болатыны айтылды

Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, солтүстікте, шығыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстанда жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз – бұршақ.

Павлодар облысында тұман, бұршақ жауады.

Жамбыл облысында да бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Ақтөбе облыстарында найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.