Коронавирус • 15 Шілде, 2021

Медицина қызметкерлері вакцина алды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 7,2 мыңнан аса медицина саласының қызметкері COVID-19 инфекциясына карсы вакцинаны салдырған.

Медицина қызметкерлері  вакцина алды

Маңғыстау облысы бо­йын­ша жалпы медицина қыз­мет­керлерінің саны 10 мың­нан асады. Оның ішінде 9 376 вакцина алушылар санатына кіреді. Бүгінде екпе алғандар саны 7 206 ақ халаттыны құрайды. Яғни бұл көрсеткіш 77%-ға жетіп отыр.

Соңғы мәліметтер өңір тұрғындарының вакцина алуда белсенділігі артқанын көр­сетті. Екпе пунктеріне кел­­гендердің қатары көбей­ген. Мұны Ақтаудағы ЕРКЕМЕD емханасының бас дәрігері Серік Қасым да рас­тады.

«Мысал ретінде біздің ем­ханамызда медицина қыз­меткерлерінің 96%-ы екпе алды. Жексенбі, сенбі күндері де жұмыс істеп жатырмыз. Халықтың саны күннен-күн­ге артып жатыр. Қажет бол­ған жағдайда түсіндірме жұмыстарын да осы жерден жүр­гізіп жатырмыз. Күніне ем­ханамызда 200 адам екпе алуда», деді ол.

Оның айтуынша, емхана тарапынан қызметкерлері көп еңбек ұжымдарына барып вакциналау жүр­гізу қолға алынған. Тек са­нитарлық нормаға сай ке­летін екпе орны жасақ­талуы керек.