Қазақстан • 15 Шілде, 2021

Бір тәулікте 47 науқас коронавирустан көз жұмды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 шілде күні Қазақстан аумағында 47 адам - коронавирустан, тағы 10 адам - пневмониядан көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір тәулікте 47 науқас коронавирустан көз жұмды

Коронавирустан қайтқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр - 11 науқас.

Қарағанды облысында - 10, Қызылорда және Атырау облыстарында - 4 адамнан, Шымкент қаласында - 7, Батыс Қазақстан облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласында - екі адамнан, Маңғыстау және Павлодар обылстарында - бір адамнан дүниеден озған.