Футбол • 15 Шілде, 2021

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне шықты

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қайрат» футбол клубы «Маккабиді» (Хайфа) жеңіп, УЕФА чемпиондар Лигасының келесі іріктеу кезеңіне шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы жазды.

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне шықты

Фото: «Қайрат» ФК

Израильде тең түскен соң барша жанкүйер алматылық «Қайраттан» жеңіс күткені анық. Жаттықтырушылар штабы қарсыластың ойынын толық зерттеп, жауапты ойынға футболшылар мұқият дайындалды. 

Жасыл алаңдағы еңбектің арқасында «Қайрат» футболшылары қарсыластың қақпасына қос гол соқты.