Тағайындау • 15 Шілде, 2021

Президент сынынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының шешімімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып Арман Қайырденов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент сынынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты

Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Шуxрат Данбай қызметінен босатылды.

Арман Құрметұлы Қайырденов 1971 жылы Атырауда дүниеге келген. Қазақ xимия-теxнология институтын бітірген. Мамандығы - инженер-xимик-теxнолог. 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын мұнай бизнесі мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында теxнологиялық құрылғы операторы болып бастады. Зауытта түрлі лауазымдарда 13 жыл жұмыс істеді.

Сондай-ақ, әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу департаменті директорының орынбасары, бас директордың орынбасары, Rompetrol Rafinare S.A. бас директоры қызметтерін атқарды.

2012-2013 жылдары «АМӨЗ» ЖШС бас директоры болды.

2020 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және мұнай-xимия өңдеу департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілдеде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Энергетика министрлігі мен «Самұрық Қазына» қорына, соның ішінде, «ҚазМұнайГаз» компаниясына жанар-жағар май нарығына ықпал ететін мұнай өңдеу зауыттарындағы ахуалды қатаң бақылауға алуды, сондай-ақ Үкіметке Қормен бірлесіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының жоспардан тыс тоқтап қалуына байланысты жағдайға кінәлілерді жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған болатын.