Аймақтар • 15 Шілде, 2021

Балық аулағаны үшін бас бостандығынан шектелді

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО-да ер адам қызыл кітапқа енген балықты аулағаны үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балық аулағаны үшін бас бостандығынан шектелді

Ол құрып кету қаупі бар балықты аулап, уылдырылығын сатып, пайда таппақ болған.  

 – Ер адам 200-ден астам балық аулап, одан 27 литрге жуық уылдырық жинаған, – дейді пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Бауыржан Төлеуханов.

Сөйтіп, ер азамат 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, 2 жылға балық аулау құқығынан айырылды.

– Сотталған пробация қызметіне есепке қойылды. Қазіргі уақытта есепте тұрған сотталғанмен профилактикалық жұмыс жүргізілуде және болашақта ол пробация қызметінің бақылауында болады. Егерде пробация есебінде тұрған кезінде құқық бұзушылық жасаған жағдайда оның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Оған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу ережелері түсіндірілді, - деп толықтырды Бауыржан Төлеуханов.