Сайлау • 15 Шілде, 2021

Әкім сайлауына үміткерлерді тіркеу аяқталды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі лауазымына сайлауға түсетін үміткерлерді тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әкім сайлауына үміткерлерді тіркеу аяқталды

Кандидаттарды ұсыну 9 шілде сағат 18:00-ге дейін жалғасса, оларды тіркеу 14 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталды және бірден үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Заңға енгізілген өзгертулер мен түзетулер бойынша, үгіт-насихат 24 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Айта кетейік, әкім сайлауына республика бойынша барлығы екі мыңнан астам үміткер тіркелген.