Алматы жастарының стартапы саналатын Blue Sky Energy электртакси қызметі қазіргі таңда қалада жап-жақсы сұранысқа ие болып келеді.

Бұл бастама 2020 жылдың қазан айында қолға алынған болатын. Жоба қыс бойы Медеу-Шымбұлақ бағыты бойынша белсенді жұмыс істеді, ал кейінірек электромобильдердегі такси жұмысы бүкіл қаланы қамтыды. Қазір компания клиенттерінің қатарында қонақүйлер, компаниялар, жеке тұлғалар бар. Компания жұмысқа кіріскелі бері экологиялық көлікте 30 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. Жолаушылардың басым бөлігі – Қазақстанның өзге өңірлерінен, ТМД елдерінен келген қонақтар мен шетелдік туристер.
«Біздің жоба Алматы ауасындағы көмірқышқылдың көлемін 200 килодан астам төмендетуге мүмкіндік береді және жыл сайын экотасымалды қамтуды ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Негізгі мақсатымыз – электромобильдердің артықшылығын көрсету. Біздің көліктер ауаға зиянды газдарды шығармайды, дыбыссыз және техникалық қызмет көрсетуі де қиындық тудырмайды әрі үнемді. Электромобильде 100 шақырым жүрістің бағасы үйде қуатталғанда бар болғаны 250 теңге тұрады. Сонымен қатар бұл автомобильдер үшін көлік салығы, лицензиялық алым жоқ, алғашқы тіркеу кезінде 50% жеңілдік қолданылады. Сондай-ақ, электромобильде мотор жоқ, сәйкесінше жанар-жағармаймен жүретін автомобильдермен салыстырғанда май мен басқа да материалдарға шығын аз кетеді», – дейді компанияның құрылтайшысы Әуез Төлегенов.
Үш жігіт ұйымдастырған Blue Sky Energy стартапына 100 млн теңгеге жуық қаражат салынған. Олар компания халық-
аралық әуежай аумағында қызмет көрсету үшін 9 электромобиль сатып алды, қала бойынша 5 қуаттау станциясын орнатты. Ал 2020 жылы Qoldaý кәсіпкерлік орталығының қолдауымен «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге электромобильдерге арналған қуаттау стансасын орнату үшін 3,2 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді. Жоба 30-дан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.
«Біздің таксопарк бір тәулікте өте көп жолаушыны тасымалдайды. Біз жоба арқылы адамдар электртаксиімен жүре алатын болса, онда олар өздері де электромобильді жүргізе алатынын көрсеткіміз келеді. Сонымен қатар электртаксиде 1 шақырым жүру көмірқышқыл газының шығарындысын 1 грамға азайтады, ал жылдық пайдалану кезінде бұл енді грамм емес, тонна болады. Осылайша, электромобильге ауысып, алматылықтар қала экологиясын жақсартуға үлес қоса алады. Болашақ ұрпақ үшін таза ауа қалдыру аса маңызды. Көптеген адам электромобильдерді ауқатты азаматтар алып келеді деп санайды. Тіпті кей адамдар электромобильдің шамамен 7 млн теңге тұратынын білмейді. Сонымен қатар Қазақстанда қуаттау стансаларының желісі дамымаған. Болашақта біз экологиялық таза көлік түрлеріне көшеміз деп ойлаймын. Бұл қазір дамыған елдерде байқалып отырған тренд», деді Әуез Төлегенов.
Компания 2026 жылға қарай эко-таксопаркті 500 электромобильге дейін көбейтіп, қуаттау электр стансаларын 300-ге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ жобаны еліміздің ірі қалаларында дамыту ойда бар. Бұған қоса, жас кәсіпкерлер Еуропа мен АҚШ-тағы электромобильдерге сұраныстың артуына байланысты шетелден инвестиция тартуға үмітті.
АЛМАТЫ
Саясат • Кеше
Коронавирус қайталануы мүмкін бе?
Коронавирус • Кеше
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Тұтылып тұрып, құтылып кеткені қалай?!
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қыздар, қыздар... » әні қалай өмірге келді?
Өнер • Кеше
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Экология • Кеше
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Күрес • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты
Қоғам • Кеше
Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды
Аймақтар • Кеше
Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Коронавирус • Кеше
Президент стрестік активтер нарығын дамыту бойынша заңға қол қойды
Президент • Кеше
Президент волонтерлік қызмет туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Алматы қаласының жаңа бренді жасалады
Аймақтар • Кеше
Елордада туристік ақпараттық орталық ашылады
Туризм • Кеше
Олжас Сыдықбек жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы анықталды
Әдебиет • Кеше
Шымкентте Қонаев даңғылы ашылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады
Президент • Кеше
Алматыда «Бақорда» базарынан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар