09 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы №318-ө

250 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін

2013 жылғы 18 қазан,  Астана қаласы
Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» қаулысының 21-тармақтың 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Келесі:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес балық аулауға;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттардың Үлгі нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 207 бұйрығы «Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6183 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 14) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйырықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр Н.ҚАППАРОВ.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 18 қазандағы № 318-ө бұйрығына 1-қосымша
Үлгі нысаны
Балық аулауға арналған шарт
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті

______________ қаласы 20 ___ ж. «___» ________

__________________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі)
әрі қарай «Инспекция» деп аталатын, ___________________________________
___________________________________________________________________
(басшының тегі аты әкесінің аты (болған кезде))
атынан Ереже негізінде әрекет ететін, ___________________________________,
бір тараптан, және басшы ______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен)
атынан ___________________________________________немесе жеке кәсіпкер
(ұйымның аты)
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен)
конкурстық комиссияның 20 ____ жылғы «______»____________________ №
_______ шешімімен конкурстың жеңімпазы
танылған, бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын _________________________
(ереже, жарғы не басқа)
негізінде әрекет етуші екінші тараптан төмендегілер туралы шарт жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. «Инспекция» ұсынды, ал «Пайдаланушы»
________________________________________________________мақсатында
(кәсіпшілік аулау (жағалаулық, теңіздік), ғылыми-зерттеу және т.б.)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(су айдынының, учаскесінің және орналасқан ауданының атауы) балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалану құқығына ие болды.

2. Тараптардың құқықтары
2. «Пайдаланушы» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) жануарлар дүниесі объектілерін, оларды ұсыну шарттарына сәйкес пайдалануға;
2) ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен оның барысында алынған өнім меншігіне;
3) оған бекітіліп берілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулау үшін жеке тұлғаларға жолдамалар беруге;
4) жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарттар жасауға құқылы.
3. «Инспекция» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) «Пайдаланушы» рұқсат беру құжатының пайдалану мерзімі біткен, балық және басқа су жануарларын аулауға рұқсат берілген көлемнен асып кеткен, шарттық міндеттемелерді орындамаған және балық шаруашылығы саласындағы заңнаманың басқа да бұзушылықтарына жол берген жағдайда балық және басқа су жануарларын аулауды уақытша тоқтатуға немесе тоқтатуға, рұқсаттаманы қайтарып алуға;
2) балық шаруашылығы субъектісімен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квотаның 25 % ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін игермеген жағдайда, бөлінген квотаның игерілмеген бөлігін қайта бөледі;
3) шарттық міндеттерді және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын орындамаған жағдайда біржақты тәртіпте шартты бұзуға;
4) балық және басқа су жануарларын аулау лимитін және (немесе) квотасын игеруге, «Пайдаланушыға» бекітіліп берілген су айдынының (учаскесінің) санитарлық жағдайына, балық және басқа су жануарларын аулау есебі журналын жүргізуге, балық қорын қорғау және өсімін молайту бойынша шарттық талаптарды және балық аулау ережесін, сонымен қатар, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды орындауға бақылауды жүзеге асыруға;
5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын тексеру мақсатында кедергісіз пайдаланушыға бекітіліп берілген су айдынына және (немесе) учаскесіне келуге құқылы.
Шарт «Пайдаланушыға» су айдынының және (немесе) учаскесінің су ресурстарын пайдалану құқығын бермейді.

3. Тараптардың міндеттемелері
4. «Пайдаланушы» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) тек осы шартпен рұқсат етілген балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалану түрін жүзеге асыруға;
2) балық аулаудың ережесін орындауға;
3) балық аулауды жүзеге асыру барысында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
4) оған бекітіліп берілген су айдынында (учаскесінде) балық және басқа су жануарларын аулауға бөлінген лимитті игеруге және жануарлар дүниесін пайдалануға төленген төлемге сәйкес, балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулаудың рұқсат етілген көлемінен аспауға;
5) жануарлар дүниесін пайдалануға бекітілген ставкаларға сәйкес, жануарлар дүниесін пайдалануға төлем төлеуді Қазақстан Республикасының Салық кодексімен сәйкес қамтамасыз етуге;
6) балық және басқа су жануарларын аулаудың есебін, әрбір бекітілген су айдынында және (немесе) учаскесінде, бригадада немесе буында белгіленген нысан бойынша балық және басқа су жануарларын аулау есебінің «Инспекция» мөрімен куәландырылған журналын, сондай-ақ тасымалдаушы кемелерде қабылдау және тапсыру есебінің журналын жүргізуді, оның талабы бойынша көрсетуді, «Инспекцияға» балық және басқа су жануарларының аулануы, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай туралы өткен айдағы мәліметтерді әр айдың 2-сі күні ұсынылуын қамтамасыз етуге;
7) су айдынының кәсіпшілік бірнеше учаскелерінде балық және басқа су жануарларын аулаған жағдайда «Инспекциямен» берілетін рұқсаттаманы әрбір су айдынында және (немесе) учаскесінде болуын қамтамасыз етуге;
8) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғауды, оған бекітіліп берілген су айдынында және (немесе) учаскесінде олардың өсімін молайту үшін жағдайды және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңымен, Балық аулау ережемен және басқа нормативтік құқықтық актілермен белгіленген балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдаланудың басқа да нормаларын және мерзімдерін сақтауға міндетті;
9) бекітілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі орналасқан жерде, жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша тиісті балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскесіне бекітілген лимит негізінде және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;
10) қорықшыларды көлікпен, байланыс құралдарымен және қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;
11) бекітілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі балық аулау орындарын және жағалау учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитарлық және экологиялық жағдайда болуына тиісті қамтамасыз етуге;
12) егерде балық ресурстары және басқа да су жануарларына немесе олардың мекендеу ортасына өзінің қызметі салдарынан келген зиянды (залалды) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен келтірген зиянды (залалды) өтейді;
13) балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар түрлері және балық аулау әдістері тізбесімен сондай-ақ Балық аулау ережесімен, әуесқой (спорттық) балық аулауды жүзеге асыруға жолдама алған тұлғаларына таныстыру;
14) өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулайтын жерлерді, жағалау учаскелерін ұстауын және қорғауын жеке қаражаты есебінен жүргізеді.
5. «Инспекция» заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) «Пайдаланушыға» балық және басқа су жануарларын аулаудың оған бекітіліп берілген квотасын игеру үшін жануарлар дүниесін пайдалануға бөлінген төлем тәртібінде әр кеме, буынға немесе әр бригадаға төленген нақты қаржыға сәйкес көлемде балық және басқа су жануарларын аулау құқығына рұқсаттама береді;
2) «Пайдаланушыға» бекітілген берілген су айдындарында және (немесе) учаскелеріне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Пайдаланушы осы шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен не жартылай басқа біреуге бермеуге міндетті.
Пайдаланушы осы шарт бойынша мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, Инспекция орын алып отырған кемшiлiктердi жою туралы ұйғарым шығарады және оларды жою мерзiмiн белгiлейдi. Егер Пайдаланушы кемшiлiктердi көрсетiлген мерзiмде жоймаса, онда оған Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес шаралар қолданылады.
7. Инспекция Пайдаланушының құқықтарын бұзған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады.

5. Форс-Мажор
8. Егер шарттың қандай да болсын міндеттері еңсерілмейтін күштің (форс-мажор) әсер етуімен орындалмаса немесе тиісті орындалмаса, онда ешбір тарап орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершілікте болмайды.
9. Еңсерілмейтін күш жағдайларына төтенше және осы шарттар кезінде күтілмеген жағдайлар, мысалға: әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей апаттар (өрт және о.с.) жатады.
Келтірілген тізім түбегейлі болып табылмайды.
10. Еңсерілмейтін күш жағдайлары пайда болған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап осы жайлы форс-мажорлық жағдайдың басталған мерзімі және сипаты нақтыланған жазбаша хабарламаны пошта бойынша тапсыру және (немесе) жолдау арқылы тез арада басқа Тарапты хабардар етеді.
11. Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда, Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада кеңес өткізеді және осы жағдайларды минимумға келтіру үшін заңнамаға қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады.
12. Егер осы тарауда көрсетілген жағдайлар құзырлы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен расталған болса, онда олар заңды болып танылады.

6. Шарттың қолданылу мерзімі
13. Осы шарт екі жақтың қолы қойылғаннан кейін заңды күшіне енеді және 20______ жылдың «_____»_____________ дейін қолданылады.
14. Осы шарт бұзыла алады, егер:
1) рұқсат берілген уақыттың өтуі болған жағдайда;
2) «Пайдаланушының» қызметі тоқталған жағдайда;
3) «Пайдаланушымен» «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының талаптарын жүйелі түрде бұзған жағдайда;
4) жер учаскісін мемлекеттік қажеттілікке алып қойған жағдайда;

7. Қорытынды ережелер
15. Осы шарт мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде бiрдей заңдық күшi бар екі данада жасалды.
16. Осы шартқа келтірілетін барлық өзгертулер мен толықтырулардың заңды күші болады және оның ажыратылмас бөлігі болып табылады, олар егер жазбаша түрде жасалып және екі жақтың өкілетті өкілімен қол қойылған болса.
17. Осы шарттан туындаған немесе осыған байланысты, келіссөз арқылы, Тараптар дауды шешуге тырысады, ал егерде тараптар келісе алмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы арқылы қаралады.
18. Осы шарт бойынша даулар Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.
19. Осы шартта көрсетілмеген барлық сұрақтар бойынша тараптар, Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасын басшылыққа алады.

8. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен қолтаңбалары
«Инспекция» «Пайдаланушы»
____________________________ ___________________________
(атауы) (атауы)
____________________________ ___________________________
(пошта, телеграфтың мекен-жайы) (пошта, телеграфтың мекен-жайы)
____________________________ _________________________
(банктік деректемелер) (банктік деректемелер)
_________________________ _________________________
(қызметі, тегі, аты, әкесінің аты (қызметі, тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)) (болған кезде))
_________________________ __________________________
(қолы, мөр) (қолы, мөр, (бар болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 18 қазандағы № 318-ө бұйрығына 2-қосымша
Үлгі нысаны
Балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті

______________ 20__ ж. «___» ____________
(елдi мекен)
_______________________ облысы әкiмдігінiң балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы 20 ___ «___» _________ № ___ шешiмiне (қаулысына) сәйкес Ереженiң негiзiнде әрекет
ететiн, бұдан әрi «Инспекция» деп аталатын, ________________________
______________________________________________________________атынан
(балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесі)
басшы___________________________________________________ бiр тараптан
және ______________________________________________________________
негiзiнде әрекет ететiн бұдан әрi «Пайдаланушы» деп аталатын
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың аты-жөнi, мекен-жайы)
атынан ____________________________________________________________
(пайдаланушы өкiлiнiң тегі, аты, әкесінің аты лауазымы)
___________________________________________________________________
екiншi тараптан төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:

1. Шарттың мәнi
1. Инспекция шартқа қоса беріліп отырған төлқұжатта ауданы, көлемі және басқа көрсеткіштері көрсетілген, ______________________________ облысы ______________________________________________________ ауданында орналасқан Пайдаланушыға бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде балық шаруашылығын жүргiзу құқығын бередi.
2. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзiмi және олардың
нөмiрлерi__________________________________________

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
3. Пайдаланушы:
1) бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде балық шаруашылығын жүргiзуге;
2) көл-тауарлы, тоғандық шаруашылықтар құру үшін бекітіліп берілген су айдындарында заңнамада белгiленген тәртiппен кәсiпшілік және спорттық-әуесқойлық балық аулау тәртiбiн, мерзiмiн және тәсiлiн белгiлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен жолдамалар беруге;
4) берiлген рұқсатқа сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалану түрлерiн жүзеге асыруға;
5) ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларын және бұл жағдайда алынған өнiмнің меншiгіне;
6) балық ресурстары мен басқа су жануарларын (бұдан әрi – балық ресурстары) пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасуға құқылы.
4. Пайдаланушы:
1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен балық ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемдi уақытылы енгiзуге;
3) балық шаруашылығын жайластыруды жүргiзуге;
4) жануарлардың тiршiлiк ету ортасының нашарлауына жол бермеуге;
5) балық ресурстарын халық және қоршаған орта үшiн қауiпсiз, табиғи қоғамдастықтардың тұтастығын бұзуға және жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
6) сервитутты:
бақылаулық аулауды жүргізу үшін – уәкілетті органға;
ғылыми-зерттеу аулауды жүргізу үшін – жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу үшін – жеке тұлғаларға береді.
7) уәкiлеттi органның келiсiмiмен биологиялық негiздеменiң негiзiнде бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде балық шаруашылығы мелиорациясын, балық және басқа су жануарларының қорын бағалауын жүргiзуге;
8) аншлагтар және белгiлермен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң жағалаулық шекарасын белгiлеуге;
9) әр балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесiнде, кемеде (балық аулайтын және көлiктiк), қабылдау пункттерде, бригада немесе буындарда балық және басқа да жануарларын аулауды есепке алу журналын жүргiзiп, уәкiлеттi органның лауазымдық тұлғаларының талабы бойынша оны ұсынуға;
10) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану үшiн жасасқан барлық шарттарды уәкiлеттi орган бекiткен тәртiбiмен және мерзiмдерiнде уәкiлеттi органда тiркеу, оларды бұзу туралы ақпарат беруге;
11) уәкiлеттi органмен белгiленген нысандарға сәйкес балық және басқа су жануарларының аулануы, су айдынындағы кәсiпшiлiк жағдай, берiлген жолдамалар туралы мәлiметтi уәкiлеттi органмен белгiленген мерзiмде және тәртiппен оған ұсынуға;
12) бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын қорғауын қамтамасыз етуге;
13) «Инспекция» өкілінің қатысуымен ғылыми ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес балық ресурстарының, оның ішінде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнгендерінің өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар жүргiзуге;
14) балық ресурстарын қорғау режимi туралы ақпарат беретiн аншлагтарды ______ (дана), плакаттарды _______ (дана) орнатуға;
15) _______ (адамнан) тұратын қорықшылық қызметiн құруға;
16) санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын-алу) шараларын жүргiзудi қамтамасыз етуге;
17) «___»_______20___жылға дейін балық шаруашылығын жайғастыруын және оның орындалуын жүргізуді қамтамасыз етуге;
18) Ағымдағы жылғы балық шаруашылығының даму жоспары щеңберінде міндеттерді орындау туралы мәліметтерді дәлелдейтін құжаттарды қосымшаларымен есепті кезеңнен кейін әр тоқсанның 2-не инспекцияға ұсынуды қамтамасыз етуге;
19) бекітілген су айдындарында (учаскелерінде) балық шаруашылығы даму жоспарының уақытында және толық орындалуын қамтамасыз етуге;
20) егерде балық ресурстары және басқа да су жануарларына немесе олардың мекендеу ортасына өзінің қызметі салдарынан келген зиянды (залалды) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен келтірген зиянды (залалды) өтеуге;
21) балық және басқа да су жануарларының тиімді көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырлану орындарынмен су айдындарынының өнімділігін сақтауға міндетті.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіпте Инспекция өз құзыретiнiң шегiнде:
1) Пайдаланушыға бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерiне) кедергiсiз келуге;
2) жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамаларын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершілікке тартуға;
3) құзыреті шегінде ұйғарым және қаулы енгізуге құқылы.
6. Инспекция заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Пайдаланушының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын орындауын және осы шарттың талаптарын сақтауын бақылауға;
2) Пайдаланушы берген өтiнiмдерді ескере отырып, балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға арналған квоталарды бөлуге және рұқсаттамаларды беруге;
3) бекітіліп берілген су айдынының (учаскесінің) төлқұжатын «Пайдаланушыға» ресімдеуді қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Тараптардың жауапкершiлiгi
7. Пайдаланушы осы шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен не жартылай басқа біреуге бермеуге міндетті.
Пайдаланушы осы шарт бойынша мiндеттемелердi орындамаған жағдайда Инспекция орын алып отырған кемшiлiктердi жою туралы ұйғарым шығарады және оларды жою мерзiмiн белгiлейдi. Егер Пайдаланушы кемшiлiктердi көрсетiлген мерзiмде жоймаса, онда оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады.
8. Егерде Инспекция Пайдаланушының құқықтарын бұзған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады.

4. Шарттың қолдану мерзімі
9. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшiне енгізіледі жәнe ____
жыл мерзiмге жасалды.
10. Балық шаруашылығын жүргiзу шартының қолданылуы:
1) балық ресурстарын пайдаланудың өз еркiмен бас тартқан;
2) балық ресурстарын пайдаланудың мерзiмi аяқталған;
3) Пайдаланушының қызметi тоқтатылған;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарт талаптары жүйелi түрде бұзылған;
5) балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жүргiзiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн алынған;
6) балық ресурстарын арнайы пайдалануға рұқсаттан айырған жағдайларда тоқтатылады.

5. Қорытынды ережелер
11. Балық шаруашылығын жүргiзу бойынша дауларды шешу кезiнде тараптар осы шарттың талаптарын, балық шаруашылығын жайғастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
12. Осы шарт бойынша барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
13. Осы шарт мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде бiрдей заңдық күшi бар екі данада жасалды.
14. Осы шарттың қосымшасымен белгіленген нысанға сәйкес «Пайдаланушыға» бекітіліп берілген балық шаруашылығы (кәсіпшілік балық аулау) су айдынының және (немесе) учаскесінің төлқұжаты шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады.
15. Осы шартқа келтірілетін барлық өзгертулер мен толықтырулардың заңды күші болады және оның ажыратылмас бөлігі болып табылады, олар егер жазбаша түрде жасалып және екі жақтың өкілетті өкілімен қол қойылған болса.
16. Осы шарттан туындаған немесе осыған байланысты, келіссөз арқылы, Тараптар дауды шешуге тырысады, ал егерде тараптар келісе алмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы арқылы қаралады.

6. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолтаңбалары

«Инспекция» «Пайдаланушы»
________________ _______________________
__________________ __________________________
(толық атауы, заңды мекенжайы (толық атауы, заңдар мекен-
және деректемелерi) жайы және деректемелерi)

Мөрдің орны Мөрдің орны

Балық шаруашылығын жүргiзуге арналған үлгі шартқа қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті
Балық шаруашылығы су айдынының (учаскесінің) төлқұжаты
__________________________________________________________________
(су айдынының (учаскесінің) атауы)
1. Географиялық орналасуы
Әкімшілік облысы ________________________________________________
Әкімшілік ауданы ________________________________________________
Су айдынының орналасқан жер _____________________________________
(жақын маңдағы елді мекеннің атауы,
__________________________________________________________________
су айдыны орналасқан жердің бағыты, қашықтығы шақырымда)
Учаскенің шекаралары________________________________________________________
(шекаралардың сипаттамасы, координаттары)
__________________________________________________________________

2. Физикалық сипаттамасы
Ұзындығы, шақырым _______________________________________________
Ені, шақырым ____________________________________________________
Ауданы, га ______________________________________________________
Максималды тереңдігі, м_______________________________________________
Орташа тереңдігі, м ___________________________________________________

3. Биологиялық сипаттамасы
Су айдынының:______________________________________су үсті өсімдігімен
(қатты, орташа, әлсіз)
_____________________________________ су асты өсімдігімен қаптап кету деңгейі
(қатты, орташа, әлсіз)
Фитопланктонның даму деңгейі (судың гүлденуі)__________________________
(қатты, орташа, әлсіз)
Су айдынының фаунасының түрлік құрамы:
ихтиофауна: _________________________________________________________
суқоректілер: ________________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары:____________________________________________

Су айдынының кәсіпшілік фаунасының түрлік құрамы:
ихтиофауна: ________________________________________________________
суқоректілер: ___________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары:____________________________________________
Су айдынының балық өнімділігі, кг/га:
ихтиофауна: _______________________________________________________
суқоректілер: ________________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары:____________________________________________

4. Шаруашылық сипаттамасы

Су айдынының (учаскесінің) ___________________________________________
(өнеркәсіптік кәсіпорынның лас сумен,
___________________________________________________________ ластануы
өндірістің басқа да қалдықтарымен)
Су тартқыш _______________________________________________________
(су тарту құрылғыларының түрі, қуаттылығы,
__________________________________________________________________
ведомтстволық тиістілігі)
Тартымдардың, жүзетін, тұрақтайтын, су айдынының (учаскесінің) балық ресурстарын пайдаланудың
басқа да тұрақты орындарының саны
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Басқа мәліметтер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Осы төлқұжат екі данада жасалды және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың
ажыратылмас бөлігі болып табылады.
Осы төлқұжатты рәсімдеген уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы
__________________________________________________

Мөрдің орны Басшы ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)

«____» ______________ 20 ___ жылы.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 15 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8907 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар