Экология • 16 Шілде, 2021

Бұқар бұғылары

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іле-Балқаш резерватында бұқар бұғыларының кезекті легі табиғат аясына жіберілді. Қазір қырда ойнақтаған осынау жануарлардың қарасы әжептәуір көбейіп қалды.

Бұқар бұғылары

«Біз бұл жұмысты Дү­ниежүзілік жабайы та­би­ғат қорымен бірлесе ат­қару­дамыз. Еркіндікке шық­қан түз тағысының тыныс-тір­ші­лігін үздіксіз бақылау үшін тиісті аумақтарға фо­то­тұзақтар орнатылды», дейді Алматы облыстық ор­­ман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инс­пекциясының бөлім басшысы Леонид Сидоренко.
Маманның айтуынша, Қазақстанның қызыл кіта­бына енген бұқар бұғыларын сақтап қана қоймай, өз төлі есебінен көбейту бағы­тын­да­ғы игілікті іс ілгері ба­сып ке­леді. Баяғыда Балқаш өңі­рінде олар үйір-үйі­рімен өр­ген көрінеді. Бірақ өт­кен ға­сыр­дың басында күрт азайып, кейін тіпті жоға­лып кеткен. Енді сол олқы­лық­тың ор­нын толтыру мақ­сатында тал­пы­ныс жасалуда. Мына шара со­ның бір айғағы екені анық.

«Егемен-ақпарат»