Оқиға • 16 Шілде, 2021

Ақтауда көшеде «тапаншамен» жүрген әйел елді шошытты

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда қолына тапанша ұстап, көше кезген әйел елді дүрліктірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда көшеде «тапаншамен» жүрген әйел елді шошытты

Әуесқой түсірілім әлеуметтік желіде тарады. Күдіктіні полиция ұстады. Әйелдің тұрақты мекенжайы жоқ. Қолына ұстап жүргені ойыншық қару болып шықты. Түсіндіру жұмыстарынан кейін ол еркіне жіберілді.

«Полицияға бұл бойынша ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы бойынша хаттама жасақталып, профилактикалық әңгіме жүргізілді», деді ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары Айғаным Рахметова.