Ауа райы • 16 Шілде, 2021

Елдің көп бөлігінде 40 градусқа дейін аптап болады

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады. Синоптиктер 17-19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің көп бөлігінде 40 градусқа дейін аптап болады

Болжамға сәйкес, елдің көп бөлігінде, Солтүстік циклонның фронтальды бөлімдерінің әсерінен, әлі де найзағай соғып, жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады. Кей жерлерде екпінді жел, солтүстікте кей жерлерде тұман түседі.

«Батыста ауа температурасы түнде +17+25 градус, күндіз +28+39 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6 +21 градус болады, күндіз термометрлер +20+36 градусты көрсетеді, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20, күндіз +23 +35, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+22, күндіз +29+40 градус болады»,  делінген «Қазгидромет» хабарламасында.