Қоғам • 16 Шілде, 2021

Қанша адам жалпыға бірдей декларация тапсырды?

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 464 мың жеке тұлға декларация тапсырған. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Қанша адам жалпыға бірдей декларация тапсырды?

«Бүгінгі күні жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 464 мың жеке тұлға немесе жоспарланған санның 97% -ы декларация тапсырды. Ұсынылған декларациялардың жалпы санынан 99,9% - электронды түрде және 0,1% - қағаз түрінде», деп жазады ҚР Қаржы министрлігі.

Айта кетейік, жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде электрондық декларацияны қабылдау мерзімі ұзартылды. Қағаз жүзінде декларация 15 шілдеге дейін, электронды түрде 15 қыркүйекке дейін тапсырылуы керек. Оны электронды үкімет порталында, салық төлеушілер кеңсесінде, сондай-ақ «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.

Жалпыға бірдей декларациялау Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.