Аймақтар • 16 Шілде, 2021

Алматының Желтоқсан көшесі уақытша жабылады

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Желтоқсан көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты бір түнге жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz,

Алматының Желтоқсан көшесі уақытша жабылады

«16 шілде кешкі сағат 21:00-ден 17 шілде таңғы сағат 7:00-ге дейін Алмалы ауданындағы Желтоқсан көшесі бойымен батыс бағытта Ганди көшесінен Тимирязев көшесіне дейін көліктердің қозғалысы шектеледі», деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Уақытша шектеулер аталған көше сегментінің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін жылу желілерін жөндеуге байланысты енгізіліп отыр.

Компания жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.