Қазақстан • 16 Шілде, 2021

6 тамызда Орталық Азия көшбасшыларының саммиті өтеді

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 тамызда Түрікменстанның Аваза Ұлттық туристік аймағында Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

6 тамызда Орталық Азия көшбасшыларының саммиті өтеді

Саммиттің өтетін күні Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Түрікменстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесуінен кейін белгілі болды.

«Аталған кездесу бүгін Ташкенттегі халықаралық конференция аясында өтті», деп хабарлады Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі.

Маусым айының соңында Шавкат Мирзиёев түркімендік әріптесі Гурбангулы Бердымухамедовпен саммитті ұйымдастыру мәселесін талқылаған еді.

Орталық Азия елдері басшыларының үшінші консультативті кездесуі бастапқыда 2020 жылдың тамызында Бішкекте жоспарланған болатын, содан кейін саммит күзге қалдырылды, бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты ол 2021 жылға дейін шегерілді.

Соңғы жаңалықтар

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48

«Балапанды» кімдер басқарды?

Басылым • Бүгін, 08:35

Қауіпті дертті сәулемен емдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Жастар жұмысы қайта жанданды

Жастар • Бүгін, 08:15