2013 жылғы 28 тамыз, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидасы мен шарттарын бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидасы мен шарттары бекітілсін.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында лауазымдарға қабылдау «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
3. Кадрлық қамтамасыз ету департаменті (Е.Б. Құлтаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, Өртке қарсы қызмет комитетінің, облыстар, Астана мен Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің, облыстар, Астана мен Алматы қалалары «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемесінің, «Көкшетау техникалық институтының», «Республикалық дағдарыс орталығының» басшылары осы бұйрықты қызметкерлердің назарына жеткізсін және оның орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы С.Қ. Оқасовқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. БОЖКО.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
_____________ Ә. Бәйменов
2013 ж. «_____»____________
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 28 тамыздағы № 391 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі
Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты:
Департамент директоры:
төтенше жағдайлардың алдын алу;
ақпараттандыру және байланыс;
Басқарма бастығы:
табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу;
аумақтық бөлімшелердің қызметін бақылау;
ішкі аудит;
апаттар медицинасы және психологиялық қызмет;
Бас маман:
табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу;
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу;
авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру;
авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары;
стратегиялық жоспарлау, ғылым және жаңа технологиялар;
ақпараттық-талдау жұмыстары;
ақпараттандыру;
ішкі бақылау, аудит және шешімдер қабылдау;
аумақтық бөлімшелердің қызметін бақылау;
ішкі аудит;
персоналды іріктеу, орналастыру және есепке алу;
аумақтық органдардың персоналын іріктеу, орналастыру және есепке алу;
кадрларды кәсіби даярлау, аттестаттау және әлеуметтік мәселелер;
арнайы жұмыс.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті:
Төраға;
Төрағаның орынбасары;
Басқарма бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бас инспектор:
мемлекеттік өрт бақылау және анықтау;
өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары;
кадр жұмысы;
Бөлім бастығы:
мемлекеттік өрт бақылау ;
техникалық нормалау;
анықтау;
өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары;
техникалық жарақтау және күрделі жұмыс;
кадр жұмысы;
Бас маман:
мемлекеттік өрт бақылау;
техникалық нормалау;
анықтау;
өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары;
техникалық жарақтау және күрделі жұмыс;
кадр жұмысы;
Аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы:
мемлекеттік өрт бақылау және анықтау басқармасының.
Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) аумақтық органдары:
Департамент бастығы;
Мемлекеттік өрт бақылауға жетекшілік ететін бастықтың орынбасары:
Төтенше жағдайлар департаменті;
Басқарма бастығы:
мемлекеттік өрт бақылау;
төтенше жағдайларды жою;
төтенше жағдайлардың алдын алу;
бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет;
Бөлім бастығы:
төтенше жағдайлардың алдын алу;
төтенше жағдайларды жою;
мемлекеттік өрт бақылау;
өртке қарсы, техникалық нормалау;
анықтау;
телекоммуникациялық жүйелер мен байланыс;
әскери-жұмылдыру және арнайы жұмыс;
ақпараттық-талдау жұмысы;
кадр жұмысы;
ішкі бақылау;
бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі;
Бас маман:
төтенше жағдайлардың алдын алу;
төтенше жағдайларды жою;
мемлекеттік өрт бақылау;
өртке қарсы, техникалық нормалау;
анықтау;
телекоммуникациялық жүйелер мен байланыс;
әскери-жұмылдыру және арнайы жұмыс;
ақпараттық-талдау жұмысы;
кадр жұмысы;
ішкі бақылау;
бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі;
мемлекеттік құпияларды қорғау;
Аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы:
мемлекеттік өрт бақылау;
Жедел кезекші:
бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі;
Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор:
кадр жұмысы;
Бас маман-психолог;
Аға: инженер, инспектор, анықтаушы, маман:
төтенше жағдайлардың алдын алу;
төтенше жағдайларды жою;
мемлекеттік өрт бақылау;
өртке қарсы, техникалық нормалау;
анықтау;
телекоммуникациялық жүйелер мен байланыс;
ақпараттық-талдау жұмысы;
кадр жұмысы;
ішкі бақылау;
Маман-психолог;
Инженер, инспектор, анықтаушы, маман:
төтенше жағдайлардың алдын алу;
төтенше жағдайларды жою;
мемлекеттік өрт бақылау;
өртке қарсы, техникалық нормалау;
анықтау;
телекоммуникациялық жүйелер мен байланыс;
әскери-жұмылдыру және арнайы жұмыс;
ақпараттық-талдау жұмысы;
кадр жұмысы;
ішкі бақылау;
Психолог;
Жедел кезекшінің көмекшісі, аға техник:
бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі.
Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдарының қалалық, аудандық басқармалар (қалалардағы аудандық), аумақтық төтенше жағдайлар бөлімдері:
Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы;
Бастықтың орынбасары:
төтенше жағдайлар басқармасы;
Бөлім бастығы:
аудандық төтенше жағдайлар;
мемлекеттік өрт бақылау;
өртке қарсы нормалау;
анықтау;
төтенше жағдайлардың алдын алу;
Бас маман:
аудандық төтенше жағдайлар;
азаматтық қорғаныс;
мемлекеттік өрт бақылау;
өртке қарсы нормалау;
анықтау;
төтенше жағдайлардың алдын алу;
Аға: инженер, инспекторы, анықтаушы, маман:
аудандық төтенше жағдайлар;
азаматтық қорғаныс;
мемлекеттік өрт бақылау;
өртке қарсы нормалау;
анықтау;
төтенше жағдайлардың алдын алу;
Инженері, инспекторы, анықтаушы, маман:
аудандық төтенше жағдайлар;
азаматтық қорғаныс;
мемлекеттік өрт бақылау;
өртке қарсы нормалау;
анықтау;
төтенше жағдайлардың алдын алу.
Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдарының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі:
Бастық, бастықтың орынбасары:
Төтенше жағдайлар департментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі;
Басқарма бастығы:
өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары;
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және байланыс құралдары;
әскери-жұмылдыру және арнайы жұмыс;
Бастық:
мамандандырылған жасақ;
жасақ;
кәсіби дайындық мектебі;
өрт сынағы зертханасы;
Басқарма бастығының орынбасары:
өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары;
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және байланыс құралдары;
әскери-жұмылдыру және арнайы жұмыс;
Бөлім бастығы:
өрт сөндіруді ұйымдастыру, авариялық-құтқару жұмыстары және өрт сөндірушілерді даярлау;
өрт техникасы және күрделі құрылыс;
психологиялық қызмет;
кадр жұмысы;
әскери-жұмылдыру дайындығы;
арнайы жұмыс;
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және байланыс құралдары
Бас маман:
өрт сөндіруді ұйымдастыру, авариялық-құтқару жұмыстары және өрт сөндірушілерді даярлау;
өрт техникасы және күрделі құрылыс;
психологиялық қызмет;
кадр жұмысы;
әскери-жұмылдыру дайындығы;
арнайы жұмыс;
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және байланыс құралдары
Бастықтың орынбасары:
мамандандырылған жасақ;
жасақ;
кәсіби дайындық мектебі;
өрт сынағы зертханасы;
Бастық:
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;
объектілік өрт сөндіру бөлімі;
оқу өрт сөндіру бөлімі;
өрт сөндіру бөлімі;
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы бөлімі;
Бастық, бастықтың орынбасары, бас маман:
Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы;
Бастықтың орынбасары, аға оқытушы:
Кәсіби дайындық мектебі;
Өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары;
Бас маман-психолог;
Аға:инженер, инспектор:
өрт сөндіруді, авариялық-құтқару жұмыстарын, өрт сөндірушілердің дайындығын ұйымдастыру;
өрт сөндіру техникасы және күрделі құрылыс;
кадр жұмысы;
әскери-жұмылдыру дайындығы;
арнайы жұмыс;
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және байланыс құралдары
Бастықтың орынбасары:
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;
объектілік өрт сөндіру бөлімі;
оқу өрт сөндіру бөлімі;
өрт сөндіру бөлімі;
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы бөлімі;
Бастықтың көмекшісі, аға инженер, бөлімше бастығы:
мамандандырылған жасақ;
жасақ;
Бөлімше бастығы, өрт сөндіру бөлімі орталық пунктінің бастығы, аға инженер:
Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы;
Аға: инженер, әдіскер:
мамандандырылған жасақ;
жасақ;
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;
объектілік өрт сөндіру бөлімі;
оқу өрт сөндіру бөлімі;
өрт сөндіру бөлімі;
сынау өрт сөндіру зертханасы
Аға: нұсқаушы, әдіскер:
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы;
Оқу пунктінің бастығы;
Өрт сөндіру бекетінің бастығы;
Кәсіби дайындық мектебінің оқытушысы;
Оқу пунктінің аға оқытушысы;
Өрт сөндіру жетекшісінің аға көмекшісі;
Аға жедел кезекші;
Өрт сөндіру кемесінің командирі;
Инженер, инспектор:
өрт сөндіруді, авариялық-құтқару жұмыстарын, өрт сөндірушілердің дайындығын ұйымдастыру;
өрт сөндіру техникасы және күрделі құрылыс;
кадр жұмысы;
әскери-жұмылдыру дайындығы;
арнайы жұмыс;
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер және байланыс құралдары;
Инженер, инспектор, қарауыл бастығы:
мамандандырылған жасақ;
жасақ;
күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы;
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;
объектілік өрт сөндіру бөлімі;
оқу өрт сөндіру бөлімі;
өрт сөндіру бөлімі;
өрт сөндіру бекеті;
сынау өрт сөндіру зертханасы
Терапевт-дәрігер:
мамандандырылған жасақ;
жасақ;
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;
Нұсқаушы, әдіскер:
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы;
Командирдің орынбасары, командирдің орынбасары-бас механик, командирдің аға көмекшісі:
өрт сөндіру кемесі;
Өрт сөндіру жетекшісінің көмекшісі;
Аға диспетчер;
Оқу пунктінің оқытушысы;
«Жұмсалмайтын қор» мүлік қоймасының бастығы;
Психолог;
Командирдің көмекшісі (штурман), командирдің өрт сөндіру жөніндегі көмекшісі, механик, элетромеханик:
өрт сөндіру кемесі;
Командир, командирдің көмекшісі:
өрт сөндіру катері;
Кіші инспектор:
кадр жұмысы;
Құтқарушы, өрт сөндіру машинасын жүргізу жөніндегі-жүргізуші аға нұсқаушы;
Газ түтіннен қорғау қызметінің, байланыс аға шебері;
Аға: респираторшы, радиотелеграфист, бақылаушы, боцман;
Өрт машиналарының, өрт жедел-қызметтік көлігінің, өрт машинасының жүргізуші-механигі аға жүргізушісі;
Радиостанция бастығы;
«Жұмсалмайтын қор» мүлік қоймасының меңгерушісі;
Кезекшінің көмекшісі;
Бөлімше командирі;
Құқарушы-шебер;
Өрт машиналарының, өрт жедел-қызметтік көлігінің жүргізушісі;
Тракторшы;
Сүңгуір;
Диспетчер;
Катер командирінің көмекшісі;
Жедел кезекшінің көмекшісі;
Фельдшер;
Байланыс шебері;
Катер командирі-рөл басқарушысы;
Кеме және катердің аға маторшысы;
Өрт сөндіру кемесінің және катерінің маторшысы;
Машинист;
Рөл басқарушысы;
Аға: өрт сөндіруші, өрт сөндіруші-радиотелефонист, өрт сөндіруші-құтқарушы, респираторшы;
Өрт сөндіруші;
Радиотелеграфист;
Радиотелефонист;
Өрт сөндіруші-радиотелефонист;
Өрт сөндіруші-құтқарушы ;
Өрт сөндіруші-прожекторшы.
Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты:
Бастық, бастықтың орынбасары:
Факультет, кафедра бастығы;
Профессор;
Доцент (ғылыми атағы немесе ғылыми дәрежесі болғанда);
Доцент;
Бастық:
бөлім;
курс;
медициналық бөлім;
кезекшілік бөлім (бөлім құқығында);
Аға оқытушы-әдіскер;
Аға оқытушы;
Бас маман;
Оқытушы;
Әдіскер-оқытушы;
Аға инспектор;
Аға инспектор-психолог;
Курс бастығының орынбасары;
Оқу өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
Аға инспектор, сондай-ақ ол арттехқарулану қызметінің қару технигі;
Инспектор;
Кезекші-инспектор;
Оқу өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
Байланыс аға шебер-аға маманы:
ақпараттық технологиялар, байланыс және оқыту техникалық құралдар бөлімі;
Өрт сөндіру машинасын жүргізу жөніндегі-жүргізуші аға нұсқаушы;
Газ түтіннен қорғау қызметінің аға шебері;
Оқу-саптық бөлімше курсының старшинасы;
Помощник дежурного дежурной части (на правах отдела);
Кезекші бөлім (бөлім құқығында) кезекшісінің көмекшісі;
Арттехқарулану қызметі арттехқарулану қоймасының меңгерушісі аға техник-аға маман;
Өрт машиналарының, өрт жедел-қызметтік көлігінің жүргізушісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы:
Бастық, бастықтың орынбасары:
Бастық, аға жедел кезекші-бас маман, бас маман:
бөлім;
Жедел кезекші-аға маман, аға маман:
бөлім.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 28 тамыздағы № 391 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидасы мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидасы мен шарттары (бұдан әрі – Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына (бұдан әрі - МӨҚҚ) қызметке орналасу кезінде конкурс өткізу тәртібін, МӨҚҚ органдарына қызметке орналасу кезінде үміткерлер үшін тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. МӨҚҚ органдарына қызметке тұру жоғарыда аталған Заңының 7-бабының 3 және 4-тармақтарынмен көзделген жағдайларды қоспағанда конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс өткізу тәртібі
3. МӨҚҚ органдарына қызметке орналасу кезінде конкурсқа (бұдан әрі - конкурс) Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:
1) жасы он сегізден төмен емес:
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының лауазымдар санатына қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес.
4. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жіберілмейді:
1) заңмен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
2) мемлекеттік қызметке кірер алдында үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
3) МӨҚҚ-ға қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
4) МӨҚҚ-ға қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау үшін жұмыстан босатылғандар;
7) бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен шығарылғандар.
5. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейін тиісті кадр қызметіне қажетті құжаттарын көрсетілген мерзімі ішінде тапсырған азаматтар конкурсқа қатысушы (бұдан әрі – қатысушы) болып табылады.
6. Конкурс Тізбеге сәйкес бос лауазымдары бар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде, Қазақстан Республикасы Өртке қарсы қызмет комитетінде, облыстар, Астана мен Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінде, облыстар, Астана мен Алматы қалалары «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі», «Көкшетау техникалық институты», «Республикалық дағдарыс орталығы» ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде өткізіледі.
7. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды, олардың дене шынықтыру даярлығы бойынша тапсырған сынақ нәтижелерін, олардың тестілеу нәтижелерін қарайтын, үміткерлермен әңгімелесу өткізетін және бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді түпкілікті іріктеуді іске асыратын алқалы орган болып табылады.
8. Конкурс мынадай сатылы кезеңдерден тұрады:
1) конкурстық комиссия құру;
2) конкурс өткізу туралы хабарландыруларды жариялау;
3) конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының конкурсқа жарияланған лауазымдарға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін алдын-ала қарау, конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешімі;
5) конкурсқа қатысушының МӨҚҚ-ға қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиядан куәландырудан өтуі;
6) қатысушыларды тестілеу;
7) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі - Министр) белгілеген тәртіпте қатысушылардың дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ тапсыруы;
8) конкурстық комиссия өткізетін қатысушылармен әңгімелесу.
9. Конкурсты өткізуге көзделген шығындарды санамағанда, азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
10. Орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда жарияланған конкурс ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялана отырып, оны өткізудің кез-келген кезеңінде тоқтатылуға жатады.
3. Конкурс туралы хабарландыру
11. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) орталық аппаратында, ведомствосында конкурс өткізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру жарияланады. Аумақтық бөлімшелерде конкурс өткізу туралы хабарландыру тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында таралатын мерзімді басылымдарда жарияланады, сондай-ақ тиісті органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
12. Бос лауазымдарды атқаруға конкурс жариялау туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін азаматтарды (қызметкерлерді) конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жарияланған лауазымға тағайындауға (ауыстыруға) жол берілмейді.
13. Негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңіндегі боз лауазымға орналасуға конкурс өткізген кезде бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
14. Конкурсты өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) органының орналасқан жері көрсетілген атауы, пошта және электронды мекенжайы, телефондары мен факс нөмірлері;
2) негізгі функционалдық міндеттері көрсетілген бос лауазымдар атауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
4) құжаттарды қабылдаудың орны мен мерзімі.
15. Бос лауазымдарға орналасуға конкурстар туралы мәліметтер Министрліктің немесе оның ведомстволарының, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Конкурстық комиссияны құру
16. Конкурс жарияланған орган бос лауазымды атқаруға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыруға уәкілетті конкурстық комиссия құрады.
17. Министрдің, ведомстволар, аумақтық органдар мен Министрліктің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері басшыларының бұйрығымен бекітілетін конкурстық комиссияның құрамына кемінде бес мүше кіруі қажет.
Конкурстық комиссия төрағадан, хатшыдан (кадр қызметінің өкілі) және комиссия мүшелерінен тұрады. Болмай қалған комиссия мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. Конкурстық комиссияның хатшысы оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның құрамына конкурс жариялаған органның әртүрлі бөлімшелерінің басшылары кіреді.
18. Конкурстық комиссия жұмасына қатысу үшін бейіндік (мүдделі қызметтердің) басшылары шақырылады, олардың дауыс беру құқығы болмайды.
19. Конкурстық комиссияның құрамына конкурсқа қатысушы кіре алмайды.
20. Конкурстық комиссияның шешімі бос лауазымын атқару үшін, осы санаттағы келесі бос лауазымға орналасу үшін кадр резервіне енгізуге немесе осындай лауазымға қабылдамауға негіз болып табылады.
5. Құжаттарды қабылдау
21. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кезден бастап он бес күнтізбелік күннен кейін аяқталады.
22. Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар конкурс өткізетін тиісті кадр қызметіне мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы анкета;
3) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес кадр есебі бойынша толтырылған іс парағы (нақты мекенжайы мен телефондары, соның ішінде байланыс телефондары, көрсетілуі тиіс);
4) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес өз қолымен жазылған және басылған түрдегі белгіленген нысандағы толық толтырылған өмірбаян;
5) білімі туралы құжаттардың нотариалдық тәртіппен куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариалдық тәртіппен куәландырылған көшірмесі;
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі;
8) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс өтілі болған кезде);
9) өлшемі 3х4 төрт фотосуреті;
10) Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
11) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінен бұрын сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке таратылмағандығы туралы анықтамалар ұсынады.
Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларында қарастырылған құжаттарды, оларды салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынған жағдайда нотариалдық тәртіппен куәландыру талап етілмейді.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
23. Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелері мен атақтары туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және т.б.) ұсына алады.
24. Қарауға азаматтардың қабылдау мерзімінде қолма қол әкелу тәртібімен немесе пошта арқылы берген, ұсынылған құжаттардың тізбесін көрсетіліп, іс тігетін папкаға тігілген құжаттары қабылданады.
25. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушылардың құжаттары одан әрі зерделеу және МӨҚҚ-ға қызметке рәсімдеу үшін кадр қызметіне беріледі.
Конкурстық iрiктеуден өтпеген, сондай-ақ бос лауазымдарға орналасу үшін үміткерлер резервіне енгізілген қатысушылардың құжаттары конкурстық комиссияның хатшысында (кадр қызметiнде) бір жыл бойы, конкурстық комиссияның материалдары сақталады. Белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттар жойылады және ол туралы акт жасалады.
Конкурстық іріктеуден өтпей қалған қатысушы жазбаша түрде өтініш берген жағдайда үміткерге құжаттары қайтарылады.
6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
26. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарының біліктілік талаптары мен осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау мен зерттеуді конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау біткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
27. Кадр қызметтері құжаттарды қарау мерзімі аяқталған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 21-тармағында көрсетілген қатысушыларға қойылатын талаптарға сай келмеген конкурсқа қатысушылардың тізімін жасайды.
28. Кадр қызметтері құжаттарды қарау мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сай келген конкурсқа қатысушыларға «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына сәйкес олардың қызметке жарамдылығын анықтау үшін ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларында медициналық куәландырудан өтуге жолдама береді.
29. Үміткерлердің медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, соның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуі конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің тізімі жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қамтамасыз етіледі.
30. Медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, соның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген (әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамсыз деп таныған) үміткерлер конкурстың келесі кезеңіне өтпейді.
Конкурсты өткізетін органның кадрлық қызметі әскери-дәрігерлік комиссиядан өту мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тестілеуге жіберілген (әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп таныған) қатысушылардың тізімін, тестілеу өтетін орынды, тестілеу бағдарламасын және тестілеу нәтижелерінің шектік мәндерін ақпараттық стендтерге, барлық адамның көруіне қол жетімді орындарда орналастырады, сондай-ақ оны ресми интернет-ресурста жариялайды.
Конкурсқа жіберілмеген қатысушылар конкурс өткізуші органның кадр қызметінен жіберілмеуінің себептерін анықтай алады.
Қатысушы конкурстың кез-келген кезеңінен өту сәтінде өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжатты алып жүруі қажет.
31. Белгіленген кезеңдердің біреуінен өте алмай қалған конкурсқа қатысушы конкурстың одан кейінгі кезеңдеріне жіберілмейді.
7. Қатысушыларды тестілеу
32. Осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке түсетін азаматтар үшін Тестілеу бағдарламасы мен тестілеу нәтижелерінің шектік мәндеріне сәйкес конкурсқа қатысушыларды компьютерлік тестілеу тест тапсыруға жіберілген қатысушылардың тізімі жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Тестілеу өткізу барысы бейнежазба техникалық құралдары арқылы жазылады.
33. Конкурс өткізетін кадр қызметі тестілеу мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберілген қатысушылардың тізімін ақпараттық стендтерге, барлық адамның көруіне қол жетімді орындарда орналастырады, сондай-ақ оны ресми интернет-ресурста жариялайды.
34. Компьютерлік тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкілі конкурсқа қатысушыларды тестілеуден өту тәртібімен таныстырады және олардың туындаған сұрақтарына жауап береді.
35. Тестілеу сәтінде денсаулық жай-күйі нашар болып тұрған конкурсқа қатысушы бұл туралы тестілеу басталмай тұрып кадр қызметінің өкіліне хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай конкурсқа қатысушыны тестілеу сол күннің басқа уақытында немесе басқа күні өткізіледі.
36. Компьютерлік тестілеуді өткізуге арналған үй-жай конкурсқа қатысушылар ыңғайлы отыратындай болуы тиіс.
37. Компьютерлік тестілеу кезінде конкурсқа қатысушыларға тестілеу өтіп жатқан үй-жайдан шығуға, басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қабылау-беру электронды қондырғыларды (соның ішінде ұялы телефондар, қалта дербес компьютерлер мен басқа да электронды құрал-жабдықтарды), қағаз тасығыштарды қолдануға тыйым салынады.
38. Осы Қағиданың 37-тармағы талаптары бұзылған жағдайда кадр қызметінің өкілі тестілеуді тоқтатады, бұзушылыққа жол берген конкурсқа қатысушыны тестілеу өтетін үй-жайдан шығарады және кадр қызметі мен ішкі бақылау қызметтерінің өкілдері қол қоятын тиісті акті жасайды. Конкурсқа қатысушының нәтижелері жойылады.
39. Тестіне орындауға бөлінген уақыт 60 минутты (60 сұрақ) құрайды.
Тестіні орындауға бөлінген уақыт аяқталған соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.
40. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты түрде, компьютерлік бағдарламаның көмегімен жасалады.
41. Тестілеу аяқталған соң конкурсқа қатысушыларға мөр басылған, кадр қызметінің өкілінің қолы қойылған тестілеу нәтижелері беріледі.
42. Компьютерлік тестілеуден өту кезінде шектік мәннен төмен баға алған конкурсқа қатысушылар конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілмейді.
43. Компьютерлік тестілеу процесіне бейнеконференцбайланыс арқылы хаттама жасалады және ақпараттық тасығыштарда мұрағатталады, олар конкурстық рәсімдердің аяқталған күнінен бастап үш ай бойы сақталады.
44. Бір конкурстың шеңберінде тестілеуді қайта рәсімдеуге рұқсат етілмейді.
45. Белгілі лауазымдардың санаты үшін бекітілген тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеуден өтуден кейін егер тестілеудің бағдарламасы өзгертілмеген жағдайда бір жыл ішінде күшінде болады.
8. Денешынықтыру даярлығы бойынша сынақ
46. Конкурсқа қатысушылардың дене шынықтыру даярлығы бойынша сынағы дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ тапсыруға жіберілген қатысушылардың тізімі жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес, МӨҚҚ-ға қызметке орналасатын азаматтар үшін дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша нормативтерге және дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ қабылдау тәртібіне сәйкес өткізіледі.
47. МӨҚҚ-ға қызметке орналасатын азаматтар үшін дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша нормативтері мен дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ қабылдау тәртібі ақпараттық стендтерде, барлық адамның көруіне қол жетімді орындарда орналастырылады және конкурс өткізуші органның ресми интернет-ресурсында жариялауға жатады.
48. Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ барысы бейне жазба техникалық құралдарының көмегімен жазылады.
49. Бір конкурстың шеңберінде дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақты қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
50. Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ тапсырудың нәтижелері конкурсқа қатысушыларға және конкурс өткізетін органының конкурстық комиссиясына беріледі.
51. Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ тапсырудың нәтижелері сынақты тапсыру сәтінен бастап бір жыл ішінде күшінде болады.
9. Қатысушылармен әңгімелесу
52. Әңгімелесуге дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақты сәтті тапсырған және тестілеуден өту барысында осы лауазымдардың санаты үшін белгіленген шекті мәнінен төмен емес бағалар алған қатысушылар жіберіледі.
Әңгімелесуге жіберілген қатысушылардың тізімі дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақты тапсыру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпараттық стендтерге, барлық адамның көруіне қол жетімді орындарда орналастырады және конкурс өткізуші органның ресми интернет-ресурсында жариялауға жатады.
Әңгімелесу әңгімелесуге жіберілген қатысушылардың тізімі жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
53. Әңгімелесудің мақсаты қатысушылардың кәсіби, моральдық іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
Үміткерлердің кәсіби, моральдық, іскерлік және жеке мінездемелерін бағалау кезінде конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және тиісті лауазымының функциялық міндеттеріне сүйенеді.
Комиссия төрағасының және мүшелерінің алдын ала шешімі осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес 8-тармақтағы конкурс қатысушысы бойынша мәліметтерде сипатталады.
54. Әрбір қатысушымен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен жазылады.
Конкурстық комиссияның техникалық жазба құралдарын қолданғаны туралы конкурстық комиссия отырысының қорытынды хаттамасында белгі жасалады. Жазба тасығыштар әңгімелесу өткен сәттен бастап кемінде бір жыл конкурстық комиссия хатшысында сақталады.
10. Конкурстық комиссияның шешімі
55. Әңгімелесу өткізгеннен кейін үш жұмыс күнінен кеш емес өткізілуі тиіс конкурс комиссиясы қорытынды мәжілісінде үміткерлерді берген құжаттары, дене шынықтыру бойынша сынақтан өтудің қорытындыларды, тестілеу мен өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалайды және олардың қатарынан бос әкімшілік лауазымға орналастыру үшін іріктеуді іске асырады.
56. Конкурстық комиссияның шешімі қатысушылар қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Конкурстық комиссияның шешімі егер мәжіліске оның құрамының үштен екісінен кем емес бөлігі қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшілігі дауыс берген жағдайда қатысушы оң баға алады. Дауыстар бірдей болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
57. Әңгімелесу қорытындысы бойынша Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) МӨҚҚ-ға қызметке қабылдауға ұсыну;
2) алдағы тиісті бос лауазымдарға орналастыру үшін үміткерлер резервіне енгізуге ұсыну;
3) қызметке қабылдаудан бас тарту.
58. Әңгімелесуден өткен, конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған қатысушылар конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша үміткерлер резервіне алынады, олардың саны бір бос лауазымға екіден аспауы қажет.
Кадр резервіне енгізілген конкурсқа қатысушылар конкурс өткеннен кейін бір жылдың ішінде қосымша конкурс өтпей-ақ тиісті лауазымға тағайындалуы мүмкін.
Кадр резервіне енгізілген конкурсқа қатысушылардың тізімі осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес комиссияның төрағасымен бекітіледі.
59. Конкурстық комиссиясының қабылдаған шешімі конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттама жасауды жүзеге асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрінде рәсімделеді. Талқылау барысы техникалық жазба құралдары көмегімен жазылады.
60. Кадр қызметі әңгімелесуден өткен қатысушылардың тізімін, әңгімелесу өткенен кейін үш жұмыс күні ішінде ресми интернет-ресурста жариялайды.
61. МӨҚҚ-ға қызметке қабылдау туралы конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушы одан әрі зерделеу және рәсімдеу үшін кадр қызметіне жіберіледі.
62. Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақтан немесе тестілеуден өтпеген қатысушы, теріс нәтиже алған күнінен бастап үш ай өткен соң конкурсқа қатыса алады.
11. Тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттары
63. МӨҚҚ-ға қызметке орналасу кезінде құқық қорғау қызметіне үміткерлер үшін тағылымдамадан өту (бұдан әрі – тағылымдамадан өту) тиісті лауазымдар бойынша екі айға дейінгі сынақ мерзімімен арнайы алғашқы оқудан өткенге дейін тағылымдама өтуші болып тағайындалған адамдарға белгіленеді.
МӨҚҚ-ға қызметке орналасуға үміткерді арнайы алғашқы оқудан өткенге дейін екі ай сынақ мерзімімен және тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекіту тағылымдамадан өтушіні тиісті лауазымға тағайындау туралы басшының шешімі бұйрықпен рәсімделеді. Тағылымдамадан өту мерзіміне үміткермен еңбек шарты жасалынады.
64. Тағылымдамадан өтуші қызмет орны бойынша тікелей бастығының және қызметкерлер қатарынан тәлімгердің басшылығымен тағылымдамадан өтеді.
65. Тағылымдамадан өту жеке сипатта болады және мыналарды көздейді:
1) өзіндік теориялық даярлық;
2) кәсіби және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру;
3) жұмыс қызметін ұйымдастыруды зерделеу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық акті