Тағайындау • 17 Шілде, 2021

Қызылорда облысы Қармақшы ауданынa жаңа басшы келді

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің өкімі, ҚР Президенті Әкімшілігі және Қармақшы аудандық мәслихатының келісімімен Қармақшы ауданының әкімі лауазымына Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысы Қармақшы ауданынa жаңа басшы келді

Қайрат Нұртай 1982 жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде туған.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін инженер-механик, Дінмұхамед Қонаев атындағы университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жетекші маманы болып бастап, 2005-2006 жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде жауапты қызмет атқарған;

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі болды. 2014-2015 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, 2018 жылдан бастап 2019 жылдың желтоқсан айына  дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметттерін атқарған.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа басшыны таныстырып, аудан әкіміне сәттілік тіледі.