Руханият • 17 Шілде, 2021

Абайды аударған аудармашыға ҚР Президентінің алғыс хаты табысталды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абайды вьетнам тіліне тәржімелеген аудармашылар тобының жетекшісі Доан Зан Нгиепке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты табысталды, деп жазады Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абайды аударған аудармашыға ҚР Президентінің алғыс хаты табысталды

Ханойдағы Қазақстан Елшілігінде екі халық арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесі және Абайды вьетнам тіліне тәржімелеген аудармашылар тобының жетекшісі Доан Зан Нгиепке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсім барысында Елші Ерлан Байжанов Қазақстан мәдениетін Вьетнамда кеңінен насихаттағаны үшін шын жүректен алғысын білдіріп, марапатталған азаматқа жаңа шығармашылық табыс тіледі.

Өз кезегінде вьетнамдық көркем аударма шебері шынайы ризашылығын білдірдіріп, Қазақстанның Президентіне жылы лебізін және ізгі тілегін жеткізуді сұрады.

«Күтпеген  құрметке бөлінгеніме өте қуаныштымын. Қазақстан Президентінің осы шешімі мені қазақ халқының бірегей бай мәдениетін Вьетнамда насихаттауды жалғастыруға құлшындырады», деді Доан Зань Нгиеп.