Ақтөбе облыстық қылмыстық істер арнайы соты героин сатқан полицейді 10 жылға соттады. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.
Сот үкімі Ақтөбе стансасы желілік ішкі істер басқармасы есірткіге қарсы күрес бөлімінің жедел өкіліне қатысты шығарылды. Ол героинді аса ірі көлемде заңсыз алғаны және сақтағаны үшін айыпталған.
Облыстық сот баспасөз қызметінің ақпарына жүгінсек, сол кезде қызметте жүрген полиция капитанының қол сөмкесінен аса ірі көлемдегі героин табылған екен. Мұнан өзге, капитанның екі рет героин сатқаны туралы факті белгілі болды.
Сайт тілшісінің жазуынша, Ақтөбе облыстық қылмыстық істер арнайы соты полицейді Қылмыстық кодекстің 259-бабы 3-бөлігі «г» тармағы бойынша айыпты деп тауып, оған мүліктерін тәркілей отырып, қатаң режимдегі түзету колониясында 10 жыл отыру жазасын кесіпті.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Ras.kz
Фото: Ras.kz.