09 Қаңтар, 2014

Алматыда 500 отбасы жылусыз отыр

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09 01-AlmaАлматы қаласы "Қалқаман" ықшам ауданында 500-ге жуық отбасы жылусыз отыр. Тұрғындардың айтуынша,  екі аптадан бері үйлеріне тартылған көгілдір отынның күші төмендеп, жаңа жылды да жылусыз қарсы алған. Бұл туралы «31 арна» хабарлады.

Қаңтардың қара суығы қысқан қараша халық, тұсауы таяуда ғана кесілген көгілдір отыннан қайыр болмай тұр деп қапалы. Пәтерлерінде қалың киімдерін киіп, қымтанған халық,  газ беретін мекемеден гөрі, жергілікті әкімдіктің қайырымынан дәмелі. Жалпы, екі аптадан бері азынаған үйлерде отырған тұрғындар үйдің іші мен даланың температурасы теңдей дейді.

Телеарна тілшісінің айтуынша, тұрғындар "Алматыгаз" мекемесіне бірнеше рет барған. Бірақ, олардың өтінішіне ешкім құлақ аспаған секілді. Сондықтан аудан әкімдігіне үміт артып отыр. Ал бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері осы мәселе бойынша аудан әкімдігіндегі жауапты қызметкерлермен тілдеспек болғанында, олар жауап беруден бас тартыпты. Бізге келіп түскен соңғы ақпаратта тұрғындардың суық үйде отырғаны аздай, жарықтарының да сөніп қалғаны туралы жазылған.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «31 арна»

Фото: «31 арна».

Соңғы жаңалықтар