09 Қаңтар, 2014

Түркия оппозициясы Реджеп Ердоганның ұлын айыптады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09 01 - Bilyal Erdogan

Түркия оппозициясы премьер-министр Реджеп Тайип Эрдоганның ұлын жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап отыр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Ирактің «Ас- Сумария» телеарнасы мәлім еткендей, Түркия БАҚ өкілдеріне үкімет басшысының ұлы Билял Эрдоганның жылжымайтын мүлікке қатысты күмәнді келісімдер жасағаны және Ясин әл-Кады атты саударабиялық кәсіпкермен байланыс орнатқаны жөнінде ақпараттар келіп түскен. Соңғысын «әл-Каидаға» көмек көрсетті деген күдікпен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі халықаралық лаңкестікке қолдау көрсететін адамдар тізіміне енгізіпті. Оппозиционерлер олардың қарым-қатынасын тексеруді талап етіуде.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркияда жемқорлыққа қарсы «үлкен пара» атты ауқымды операция жалғасып келеді. Күні бұрын 16 аймақтың басшылары жұмысынан босатылса, апта басынан бері 350-ден астам полицей қызметінен кеткен.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Kcblog.info

Соңғы жаңалықтар