09 Қаңтар, 2014

Павлодарда студент ғарышты зерттейтін жаңа аппарат ойлап тапты

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09 01-garyshПавлодар облысындағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2-курс студенті Назифа Бақтыбаева ғарыш техникасының озық үлгісін ойлап тапты. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

Ол күн жүйесіндегі аспан денелерінің атмосферасын зерттеуге арналған жоба болатын. Қазір ол аталмыш оқу орнында ғарыш техникасы мен технологиясы бойынша білім алуда. Осы орайда оның өткен жылғы күзде Ресейдегі Авиация институтында өткен аэроғарыш онкүндігіне барып келгенін атап өткен жөн. Осы ғылыми жиынға аталған елдің 38 жетекші оқу орнының студенттері қатысқан. Солардың арасынан Н.Бақтыбаеваның ғылыми жұмысы оң бағаланып, жоғары дәрежелі дипломмен марапатталған.

«Мектепте оқып жүргенде менің алғашқы ғылыми жобам күн жүйесінің планеталарын зерттейтін аппарат туралы болды. Содан кейін көптеген олимпиадаларға, байқауларға қатысып, бұл жобамды одан әрі жетілдіре түстім. Ең бастысы, мен өзіме ұнайтын іспен айналысамын», - дейді Н. Бақтыбаева.

Зерттеу жұмыстарынан, оқуы мен ғылыми шаралардан студент қыздың қолы бос бола бермейді. Қолы қалт еткен кезде сурет салып, мәнерлеп сырғанаумен айналысады. Болашақта Қазақстан ғарыш саласының дамуына үлес қосуды мақсат тұтады.

Данияр Түймебай.

Дереккөз: Nur.kz

Фото: Nur.kz.