Ұлыбританияның астанасы – Лондонда қоныс тепкен Халықаралық теннис федерациясының (ITF) штаб-пәтерінен «Әлемдік рейтингіне сәйкес Қазақстанның тағы бір өкілі Зарина Диас Олимпия ойындарының жолдамасына иелік етті» деген қуанышты хабар жетті. Бұл жаңалықты еліміздің Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) растап отыр. Сөйтіп, Токио төрінде өнер көрсететін теннисшілеріміздің саны алтыға жетті.

Зарина Диасқа осындай құрмет тегін көрсетіліп отырмағаны анық. 27 жастағы жерлесіміз Алматыда туғанымен, балауса кезінен шеберлігін Чехияда шыңдады. 1999 жылы оның әке-шешесі қызмет бабымен аталған мемлекетте еңбек етті. Сол жақтағы жергілікті академиялардың бірінде теннистің қыр-сырына қанықты. Уақыт оза Диас дара талантымен оқшауланып, өз қатарының алды болды. Халықаралық аренада елеулі табыстарға жете бастаған шағында Қазақстанның ұлттық құрамасына шақырту алды. Жылдан жылға нәтижесі жақсара түскен Зарина 2015 жылдың басында әлемдік рейтинте 31-орынға көтерілді. Бұл оның спорттық карьерасындағы ең үздік көрсеткіш.
2014 жылдан бері Диас «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерге үздіксіз қатысып келеді. Әзірге оның ең үздік нәтижесі – 2014 және 2015 жылдары қатарынан екі мәрте «Уимблдонның» төртінші кезеңіне дейін жетуі. Одан бөлек, Зарина бірнеше рет Аустралия мен АҚШ-тың ашық біріншіліктерінің үшінші айналымында өнер көрсетті. Ал жұптық сайыста отандасымыз Нью-Йорктегі турнирдің ширек финалында күш сынасты. Ол WTA жарысында бір мәрте жеңімпаз атанып, ITF додасында 8 рет дара шықты.
Біраз уақыттан бері айшықты ойын өрнегімен көзге түсіп жүрген Зарина Диас кезінде чехиялық Петра Квитова, аргентиналық Хисела Дулко, сербиялық Елена Янкович, швейцариялық Белинда Бенчич, ресейлік Вера Звонарева мен Светлана Кузнецова, испаниялық Карла Суарес-Наварро және тағы басқа әлемге әйгілі теннисшілерге тізе бүктіргенін жанкүйерлер жақсы біледі. Ал биыл жерлесіміз Майамидегі турнирде АҚШ-тың аты аңызға айналған ойыншысы, «Үлкен дуылға» санатындағы жарыстардың 23 дүркін (7 рет жекелеген+14 рет жұптық+2 рет аралас жұптар сайысы) жеңімпазы Винус Уильямстан айласын асырып, өрелі өнерімен сан миллион көрерменді тамсандырды. Қазіргі кезде Диас WTA тізімінде 101-орынды иеленуде. Әрине, бұл қалың қазақ жанкүйерлері күткендей нәтиже емес. Жерлесіміздің әлеуеті бұдан әлдеқайда зор екенін дүйім жұрт жақсы біледі. Олай болса, алдағы жарыстарда Заринаның көрсеткіші әлдеқайда жақсара түсетініне сеніміміз зор.
Зарина Диастан бөлек, Токио Олимпиадасының жекелеген сайыстарында Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Ярослава Шведова және Михаил Кукушкин сынға түседі. Сонымен қатар айтулы бәсекеде Андрей Голубев пен Александр Бублик және Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова жұбы да өнер көрсетеді. Қазақстаннан осыншама көп ойыншы бұрын-соңды төртжылдықтың басты додасында бақ сынаған жоқ еді. Бұл отандық теннисіміздің өрлегенінің жарқын бір көрінісі. Осы өрендеріміздің бірі Токио кортында асқан шеберлік танытып, жеңіс тұғырына көтерілсе нұр үстіне нұр болар еді.
Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады
Білім • Кеше
АҚШ: Қару қолдануда саясат жоқ
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Мемлекеттік сатып алуда ашықтық орнайды
Экономика • Кеше
Адам капиталы – басты құндылық
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Айтыс – қоғамдық ойды қозғаушы күш
Руханият • Кеше
Түлектері жұмыссыз қалмайтын университет
Білім • Кеше
Балғын спортшылар «Министр кубогын» сарапқа салды
Спорт • Кеше
Дүлдүлдің шабысындай «Дүние шіркін...»
Қазақстан • Кеше
«Қызыл қырғын болады, бай байғұсқа айналады»
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Диқандардың техникасы сақадай сай
Аймақтар • Кеше
Жеңілдетілген несиеге – жаңа көлік
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Петропавл әуежайы тағы да сатылымға қойылды
Аймақтар • Кеше
Сенатта Арменияға мұнай жеткізу қағидалары талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды
Тағайындау • Кеше
Ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстаулық түлектер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Кеше
Президенттің Қырғызстанға ресми сапары аяқталды
Президент • Кеше
Сенаторлар зияткерлік меншік туралы заң жобасын талқылады
Парламент • Кеше
Бішкекте ҚазҰУ-дың филиалы ашылды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Кеше
Ташкенттен Ыстанбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Әлем • Кеше
Алматы қаласы Спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық форумға қатысты
Президент • Кеше
Қазақстан Ыстықкөлде күн электр станциясын салуға қаржы бөледі
Қазақстан • Кеше
Мұхтар Тілеуберді Италияға іс-сапармен барады
Қазақстан • Кеше
Әлемде коронавирустан 6,2 млн адам қайтыс болды
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Конференция лигасының жеңімпазы анықталды
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар