Әлем • 19 Шілде, 2021

Иранда үш күн қатарынан наразылық акциялары өтті

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның Хузестан провинциясында үшінші күні су берудің үзілуіне байланысты наразылық шаралары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жайында Анадолы агенттігі хабар таратты. 

Иранда үш күн қатарынан наразылық акциялары өтті

Наразылық акциясы 15 шілде күні арабтар көптеп қоныстанған Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясында басталды.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, кеше түнде Ахваз, Сусенджерд, Кут-Абдулла, Шуш және Керхе қалаларында наразылық шаралары жалғасқан. Азаматтар сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуді талап еткен. 

Сусенджерд қаласында наразылық білдірушілер депутат Қасым Сайдидің үйінің маңына жиналып, сыни мағындағы ұрандар айтты. 

Наразылық білдірушілер Карун өзенінен суды елдің басқа провинцияларына беру жобасын жүзеге асыруды тоқтатуды талап етті. Олардың айтуынша, соның салдарынан су тапшылығы туындайды. 

Кейбір қалаларда полиция мен демонстранттар арасында қақтығыстар басталды. Демонстранттар көшелерді жауып, ғимараттарды өртеген.