Батыс Қазақстан полиция департаментіне қарасты Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі дайындаумен айналысқан зертхананы әшкереледі. «Қарасора» арнайы іс-шарасы кезінде қолға түскен 36 жасар азамат құрамында есірткі бар өсімдіктерді үй жағдайында өсіру технологиясын әбден жолға қойған екен. Тінту нәтижесінде бірнеше түп өсімдік пен арнайы құрал-жабдық тәркіленген.
Осы оқиға туралы хабар таратқан Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мақсұтхан Әбләзимов күдіктінің үстінен «тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бабы бойынша іс көтерілгенін айтты. Қазір бірнеше сараптама тағайындалған.
Батыс Қазақстан