Президент • 19 Шілде, 2021

Президент Ashyq жүйесінің талаптарын жеңілдетуді тапсырды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 жағдайына арналған кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев нысандарды Ashyq жүйесіне қосуды жеңілдетуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Президент Ashyq жүйесінің талаптарын жеңілдетуді тапсырды

«Ashyq жүйесінің функционалдығын жақсарту және оның жұмысына күнделікті бақылау жасауды ұмытпау маңызды. Жүйенің операторы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы болғанына қарамастан, оған бизнес нысандарын енгізу айтарлықтай ұзақ бюрократиялық процесс деген ақпарат бар. Жүйеге жаңа нысанды енгізу талабын жеңілдетуді қайта қарау қажет. Үкіметтен осы мәселені шешуін сұраймын», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекет Ashyq және басқа да сандық құралдарды қолданатын бизнесті қолдауы керек. Екінші жағынан, осындай бақылау шараларын елемейтін кәсіпкерлер қатаң жазалануы керек. Бұл мәселе әкімдердің ерекше бақылауында болуы тиіс.