Жол-көлік оқиғасы бүгін, 19 шілдеде Қорқыт ата әуежайына баратын тасжол бойындағы «Шіркейлі» каналының тұсында орын алды. «Toyota Camry» және «Daewoo Nexia» жеңіл автокөліктері соқтығысып, «Toyota Camry» автокөлігі су каналына түсіп кеткен. «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі емханаға жеткізілді.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Қазіргі уақытта орын алған жол-көлік оқиғасының себеп-салдары анықталуда», деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде суға құлап кеткен көліктің ішінде екі адамның болғаны айтылуда.