Әлем • 19 Шілде, 2021

Мумбайда нөсер жаңбырдан құрбан болғандар саны артты

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Мумбай мегаполисінде муссондық қатты нөсер кезінде ғимараттардың құлауынан қаза тапқандардың жалпы саны 33 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мумбайда нөсер жаңбырдан құрбан болғандар саны артты

Бұл туралы India TV телеарнасы мәлімдеді.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға болған жерде құтқару жұмыстары жалғасуда, құрбандар саны одан да көп болуы мүмкін. Жексенбі күні India TV телеарнасы 24 адамның қайтыс болғанын хабарлаған.

Орталық үкімет пен Махараштра штатының (астанасы Мумбай) билігі қаза тапқандар мен жарақат алғандардың отбасыларына көмек беру жайлы жариялады. Метеорологтардың айтуынша, Мумбайда өткен сенбі күні кешқұрымнан жексенбі күні таңертеңге дейін шамамен 200 мм жауын-шашын жауған.

Нөсер салдарынан қаланың ойпатты аудандарында су тасқыны болған. Сел мен су тасқынынан Чембур, Вихроли, Бхандпур аудандарында ғимараттар құлады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30